РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

50889
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазынаның" алдағы жылдары қайда инвестиция құятынын айтты

97
23.10.2019 00:00

Лондонда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Financial Times» халықаралаық іскерлік газеті бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесінің (ҚБІК) үшінші отырысы өтті. Шара Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Ұлыбритания мен Қазақтанның мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Шараға Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Ұлыбритания мен Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қор төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде Қазақстанның Ұлыбританиямен сауда-экономикалық ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын және ағымдағы инвестиция қоржыны бөлігінде Қор Британ компаниялары үшін мұнай мен Газды өңдеу, тау-кен жоьбаларын дамыту, көлік, логистика және энергетика салаларында серіктес бола алатынын атап өтті.

«Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2015 жылы құрылғын Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесі бұған да ықпал етеді. Жаhандық әлемдік экономикалық тенденцияларды ескере отырып, Қор перспективалы секторларға: мұнай-газ химиясы, баламалы энергия көздері, жоғары технологиялар, индустрия 4.0, сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен бірлескен қорлар құру арқылы кірістерді әртараптандыруға бағытталған стретегияны бекітті»,- деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, Қор басшысы алдағы бес жылда Қор жоғарыда айталған салаларға 38 млрд.-тан астам АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырғанын атап өтті, оның ішінде 32 млрд. АҚШ доллары инвестиция тартылып, оған британдық компаниялар инвестор бола алады.

Британдық бизнес қауымдастығы өз кезегінде Қормен қарым-қатынастың жақсы динамикасын атап өтті және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады.

Сөз соңында Ахметжан Есімов британдық компанияларды өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға және жекешелендіру бағдарламасы аясында Қордың үш ірі портфельдік компанияларының – «Эйр Астана» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ-ның IPO/SPO-ға қатысуға шақырды. А. Есімов Қордың жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, Қордың компаниялар тобының бәсекеге қабілеттідігін арттыруға және портфельдік компаниялардың өндірістік процестерін қайта үйлестіруге бағытталған сандық түрлендіру бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Атап өткен жөн, ҚБІК 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.назарбаевтың іс-сапары аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін құрылды.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего