РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

50931
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» басқа да компанияларды халықаралық қаржы нарығына шығарады» - Ахметжан Есімов

36
29.10.2019 00:00

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның 70 жылдығын атап өтуге қатысты. «ҮМЗ» - Қордың жетекші қоржындық компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның еншілес кәсіпорны.

Ахметжан Есімов өз сөзінде зауыт басшылығы мен қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтап, Қордың алдағы ірі портфельдік компанияларының IPO/SPO-ға шығуы туралы және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Жекешелендіру бағдарламасының болашағы туралы айтты.

«Қазатомөнеркәсіп» әлемнің қаржы нарықтарына табысты шығуы оның халықаралық танылуын куәландырады, сондай-ақ компанияның табысты дамуы, корпоративтік ашықтық пен басқару үшін жағдай жасайды. «Қазатомөнеркәсіп» біздің алғашқы жарияланған компаниямыз. Осы тәжірибені ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қоры басқа да компанияларды халықаралық қаржы нарықтарына шығарады, бұл тек осы компанияларда ғана емес, жалпы ел экономикасына оң әсер етеді», - деді Ахметжан Есимов.

Сондай-ақ, Қор басшысы «Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші екендігін атап кетті. Бұл компания әлемдік уран өндірісінің 23%-ын және шамамен 21 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

2018 жылдың қараша айында Ұлттық компания Қордың Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында халықаралық қор нарыңына шықты. IPO басталғаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы айтарлықтай өсті және компанияның құны қазіргі уақытта 3-тен 3,5 млрд. АҚШ доллары.

Сөз соңында Басқарма төрағасы «ҮМЗ» - 4000-ға жуық жоғары білікті маман жұмыс істейтін әлемдік маңызы бар үлкен заманауи өндіріс екенін аатап өтті. Қазіргі уақытта қолданыстағы технологиялар жылына 3600 тонна уранды 6000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарларымен өңдеуге мүмкіндік береді.

2020 жылы «ҮМЗ» - да таблеткалық өндірісті жаңғырту жөніндегі жоба аяқталып жатыр. Нәтижесінде отын таблеткаларын өндіру көлемі жылына 400 тоннаға дейін артады. Бұдан басқа, кәсіпорынның жоспарында жыл сайын 200 тонна жоғары сапалы өнім шығаратын француз дизайнының жылу бөлетін құрастырмаларын (ЖБҚ) өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын аяқтау, техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыруғ тантал өндірісі бойынша металды күйдіру пешін сатып алу және бериллий өндірісінің негізгі қорларын жаңарту бар.

Қор басшысының айтуынша, жаңа енгізілген өзгерістер Қазақстан алдында жаңа нарықтар ашады. ЖБҚ бірінші партиясын 2020 жылдың соңына қарай күтіліп отыр, сәйкесінше кәсіпорынның табысы өседі және жұмыс орындары құрылады және өндщірістің тұрақтылығы нығаяды.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего