РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

51041
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

Ахметжан Есімов: «Ескі» кен орындарынан мұнай алу коэффициентін арттыру қажет

102
22.11.2019 00:00

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнындағы суды тұщыландыру зауытының құрылыс алаңына барып, кен орындарын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен бірлесіп көлемі тәулігіне 17 000 м3 болатын су қабатын өңдеуге, пайдалануға және тұщыландыруға арналған зауыттың іргетасын қалауға қатысты.

«Зауыт құрылысы кен орны үшін үлкен маңызға ие. Күн сайын Астраханнан Атырау облысы арқылы Маңғыстауға дейін созылатын 17 мың текше метр су тасымалынан су сатып алынады. Келесі жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс зауыт салынғаннан кейін осы кен орындарына осындай су мөлшерін тұтыну қажеттілігі жойылады және бұл көлем осы екі облыста басқа мақсаттарға жұмсалады. Сондай-ақ, зауыт мұнай өндіруді 750 мың тоннаға арттыруға және электр энергиясына шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді, яғни экономикалық тиімді жоба болады»,- деді А. Есімов.

Сонымен қатар, Ақтауға барар жолда Ақметжан Есімов Қаражанбас кен орны жанындағы вахталық кентте болып, жұмысшылардың өмір сүрі жағдайымен танысты. Өз кезегінде, Ақтау қаласында А. Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ғылыми нысандарын аралап, компанияның ағымдағы міндеттері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында қатысушылар ескі кен орындарынан мұнай алу коэффицентін арттыру бойынша мәселелерді талқылады. Мысал ретінде Маңғыстау облысындағы Өзен кен орны көрсетілді, ол 1960 жылдан бері пайдаланылып келеді және қазіргі уақытта оның сарқылуы байқалады. Бұған дейін кен орнында жылына 15 млн. тонна мұнай өндірілсе, ал қазіргі уақытта 6 млн. тоннадан кем.

«Біз Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеп, зерделеуді жалғастырып жатырмыз, онда олар біздің «Өзенге» ұқсас кен орындары үшін ерекше шарттар мен заңдарды қабылдады»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қор төрағасы жұмыс орындарын және мқнай өндіру құрылымын сақтау мақсатында Ресейде қабылджанған осындай мәселелерді шешуге, атап айтқанда өндірісті дамытуға инвестиция құюға мүмкіндік беру үшін ескі кен орындарына салықтық преференциялар беруге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

Қор төрағассы бастамасының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырауда өткен кеңесте айтылғанын және оған қолдау көрсеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ-на осы мәселені зерттеу және сарқылатын кен орындарының қорлары бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қор төрағасы сонымен қатар, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының өндірістің тиімділігін арттыру арқылы және жаңа технологияларды енгізу үшін «Татнефть» и Baker Hughes сияқты шетелдік жетекші компаниялармен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігін тап өтті.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего