РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

51297
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Тұңғыш Президент Қоры БМС диагнозы мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектеседі

71
09.01.2020 00:00

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қоры арасында қол қойылған меморандум аясында 8 БМС бар балаларға арналған оңалту орталығы және 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинеті құрылады. Тараптар денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

внутрь релиза.jpeg

Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде Қор соңғы жылдары жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізгенін және Қазақстандағы қайырымдылық бағдарламаларының ең ірі доноры екенін атап өтті. Қор компаниялары тобының қайырымдылық көлемі соңғы 5 жылда жалпы 1 миллионнан астам адамды қамтып, 60 миллиардтан астам теңгені құрады.

«Меморандум аясында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасының «Қамқорлық» бағдарламасы іске қосылады. Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы «Самұрық-Қазына» Қоры ауыр жағдайға тап болған, осы мәселелерді шешуге мүмкіндігі жоқ адамдардың өміріне өзінің елеулі үлесін қосатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

«Самұрық-Қазына» басшысы «Қамқорлық» бағдарламасы бизнестің, мемлекеттің және үкіметтік емес сектордың үшжақты ынтымақтастығының жарқын мысалы болатынын атап өтті. Айта кетейік, «Қамқорлық» бағдарламасы БМС бар балаларды оңалту, инклюзивті қолдау кабинеттері мен ерте араласу орталықтарын материалдық-техникалық жабдықтау бағыттары бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуді қарастырады.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры 171 маманды оқытуды және 49 оңалтушы үшін аталған аталған орталықтарды ашуға біліктілікті арттыруды ұйымдастырады, ал жергілікті атқарушы органдар үй-жайларды дайындайды. Жаңа оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істеп тұрған ауруханалар, емханалар мен жалпы білім беретін мектептер базасында ашылатын болады.

«Біздің жұмыс тобымыз барлық аймақтарды аралап, оңалту орталықтары мен инклюзия кабинеттері орналасатын елді мекендерді анықтады. Олар 8 облыста жұмыс істеп тұрған ауруханалар, емханалар және жалпы білім беретін мектептер базасында ашылатын болады. Бастапқы кезеңде қажетті мамандар, жабдықтар тізімі анықталды, мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірледі. Елбасы біздің алдымызға осы жылы оңалту орталықтарын ашу міндетін қойды. Әрине, бұл үлкен жұмыс. Бұл қиын істе бізде «Самұрық-Қазына» секілді мықты серіктес бар. Біз бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ең жақсы жағдай жасаймыз және оларға өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектесеміз»,- деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры – Әсет Исекешев.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего