РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

51374
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

187
06.02.2020 00:00

Бүгін жалпы дауыс беру арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды.

СД_2.jpg

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған.

2018 жылы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың директорлар Кеңесінің құрамынан кетті.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

СД_3.jpg

Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған Қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың Директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.

СД_1.jpg


Анықтама:

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанипяларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Джон «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего