РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

51608
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ АКЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

258
09.06.2020 14:55

«Самұрық-Қазына» АҚ акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) түріндегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Қазақстан Республикасының азаматтарына Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасында сату жолымен орналастыру процесін аяқтады. Азаматтардан өтінімдер жинау 2020 жылдың 3 маусымы сағат 15.40-тан   8 маусым 16.00-ге дейінгі уақыт аралығында жүргізілді.

Ашық ұсыныстың нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан жалпы саны 203 мың акция және 921 мың ЖДҚ үшін 615 өтінім түсті, бұл ұсыныс деңгейінен 2,9 есе асып түсті. Компанияның акцияларын алдыңғы орналастырумен салыстырғанда, орналастыруға қатысқан азаматтар саны 5 еседен астамға артып, 564 адамды құрады.

Капитал нарығындағы тұрақсыздық пен экономикадағы экономикалық қиындықтар жағдайында Қор жеделдетілген жазылымды орналастырудың ең жақсы уақытын таңдады, ол инвесторлардың үлкен сұранысын арттырды және инвестициялық қауымдастықтың оң бағасын алды.

Қор акцияларға сұраныс жоғары екендігін ескеріп, тең қол жетімділік қағидаттарын ұстана отырып, сонымен бірге, азаматтарды барынша қамту мақсатында акциялардың немесе ЖДҚ көлемін бір қолға 1960 данадан аспайтын мөлшерде шектеді.

Осы акцияларды орналастыру жалпы ішкі қор нарығын және атап айтқанда АХҚО биржасын одан әрі дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыру халықтың жинақтарын жинақтау мен инвестициялаудың қолжетімді баламасы болып табылады.

Осылай орналастыру «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жекешелендіру бойынша үшінші кезеңнің бөлігі болып табылады, ал үшінші кезеңнің жалпы көлемі халықаралық және отандық инвесторлар арасында 211,6 млн АҚШ долларын құрады, оның 27% - ы ҚР Заңды және жеке тұлғаларына тиесілі.

Қор жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды және басқа да ұлттық компанияларды ІРО жүргізуге дайындауды жалғастырады, олар Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген мерзімде сыртқы экономикалық және салалық жағдайларға сүйене отырып жүзеге асырылатын болады.




«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего