РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

53013
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

62 ЖАС МАМАН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ»

131
29.06.2020 16:08

«Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобы «Цифрлық жаз» бағдарламасының үшінші толқынын-жас мамандар үшін үш айлық тағылымдама мерзімін іске қосады.

Бағдарлама қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттеріне Қордың 11 портфельдік компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2018 және 2019 жылдардың қорытындысы бойынша бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Осылайша, жоба іске қосылған сәттен бастап Қордың компаниялар тобына 43 стажер жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде 2289 өтінім өңделді, 29 асессор тартылды. Қазіргі уақытта 41 финалист 4 кезеңді іріктеуден сәтті өтті және "Цифрлық жаз 2020" бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 1 шілде-31 тамыз аралығында тағылымдамадан өтуге дайын. Сонымен қатар, жобаның 21 қатысушысы - алынған сертификат негізінде қатысуға рұқсаты бар Бағдарламаның өткен жылғы түлектері.

Өтінімдер әлеуметтік желілердегі таргеттелген жарнама, жастар ұйымдарына ақпарат тарату, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына ресми хаттар арқылы тартылды.

Жаңа шарттарға сәйкес, бағдарламаға тек IT саласындағы мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, әкімшілік қызмет, инженер-технологтар, инженер-механиктер, химиктер-технологтар, техникалық мамандықтар, геологтар мен мұнай-газ ісінің мамандары, инженер-экологтар тартылды.

Сонымен қатар, тағылымдаманың географиялық қамтылуы кеңейтілді. Егер өткен жылы тағылымдама Нұрсұлтан және Алматы қалаларында өтсе, биыл қатысушылардың келесі қалаларда: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Екібастұз қалаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, әрбір қатысушыға компания қызметкерлері арасынан жеке тәлімгер бекітіледі. Сонымен қатар, қатысушылар 50 000 теңге көлемінде ай сайынғы стипендия алатын болады

2019 жылы тағылымдамаға 53 қатысушы қабылданды, оның ішінде 11 тағылымдамадан өтуші Қор компанияларында жұмысқа шақырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық жаз» бағдарламасына оң баға берді. Бұл бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei ірі агломерат өнімдерімен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі, сондай - ақ жыл сайынғы Хакатон өткізу болып табылады.




«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего