РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

60200
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЖОСПАРЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АСЫРА ОРЫНДАДЫ

230
30.07.2020 15:03

2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ АҚ компаниялар тобының таза табысы шамамен 212 млрд теңгені құрады, бұл ретте жоспар бойынша 150 млрд теңге шығын күтілген болатын. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында «Самұрық-Қазына» қорының қаржы және экономика жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ мәлімдеді.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында Қордың және компаниялар тобының операциялық пайдасы 215 млрд теңгені құрады, бұл жоспарлы мәндерден 79 млрд теңгеге жоғары. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының шоғырландырылған таза пайдасы жоспарлы көрсеткіш 167 млрд теңгені құраған кезде, 421 млрд теңге деңгейінде күтілуде.

Е. Жанәділдің айтуынша, нарықтағы дағдарыстық үрдістер Топтың қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, Қордың портфельдік компаниялары COVID-19-ға байланысты енгізілген түзетулерді ескере отырып, жаңартылған жоспарлы көрсеткіштерді орындайды және қаржылық тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор 206 млрд. теңге көлемінде таза пайда алды. Дивидендтерді төлеуші ретінде Қор барлық кірісті мемлекетке жібереді. 2019 жылы КАП акцияларынан қосымша орналастырудан түскен 49 млрд. теңгені ҚР Ұлттық қорына бағыттады. Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор Үкіметке 120 млрд теңге көлемінде дивидендтер жібереді. Қордың жалғыз акционері Үкіметтің тапсырмасына сәйкес қалған қаражат Түркістан және Нұр-сұлтан қалаларындағы әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға жұмсалады», - деді Ернар Жанәділ.

Қор портфельдік компаниялардың қаржы ресурстарын басқару мәселесіндегі тәсілді қайта қарап, нарықтағы жағдайға байланысты шығыстарды қысқартқанын Ернар Жанәділ атап өтті.

«Сыртқы ортадағы айтарлықтай өзгерістерді ескере отырып, компанияның жаңартылған даму жоспарына сәйкес Топ шығындарды 429 млрд. теңгеге қысқартты. Топтың компаниялары өндірістегі шығындар мен компаниялардың стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, шығындарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдады », - деді Ернар Жанәділ.

2020 жылдың 6 айы ішінде Қор тобы бойынша дебиторлық берешек 60 млрд теңгеге төмендеп, 661 млрд теңгені құрады.

Ернар Жанәділдің айтуынша, оң қаржылық көрсеткіштер мұнайдың орташа бағасының өсуіне, теңгенің долларға нығаюына, сондай-ақ компаниялар тобы қызметінің нәтижелеріне байланысты.

Атап айтқанда, «КТЖ» АҚ транзиттік жүк айналымының өсуі есебінен операциялық кірісті 24%-ға ұлғайтты, «Самұрық-Энерго» АҚ жылу энергиясын өндіру көлемін 2% - ға, көмір өндіру мен сату көлемін 2% - ға және 3% - ға ұлғайтты. «KEGOC» АҚ электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігі бойынша көлемдердің 6% - ға өсуін қамтамасыз етті. «Қазақтелеком» АҚ тіркелген және ұялы байланыс қызметтері бойынша жоспарлы кірістерді асыра орындады.

Бірінші жартыжылдықта макроэкономикалық ахуалдың нашарлауына қарамастан, Қордың жалпы борышы 3,9% - ға аздап ұлғайды, бұл ретте топтың сыртқы борышы жыл басымен салыстырғанда төмендеді. Ернар Жанәділ жалпы қарыздың 8,8 трлн теңгеден 9,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюын теңгенің әлсіреуімен байланыстырады.

Сөз соңында Ернар Жанәділ Топтың қаржылық тұрақтылығын нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалғасатынын хабарлады.

Атап айтқанда, шілде айында «КТЖ» АҚ 277,8 млн АҚШ доллары сомасына 6,95% купонмен және 2042 жылы өтеу мерзімімен рубльмен тартылған қаражат есебінен еурооблигацияларды ішінара кері сатып алу бойынша транзакцияны аяқтады, осылайша АҚШ доллары бағамына тәуелділікті азайтты.

Мамыр айында «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражатынан еурооблигацияларды ішінара сатып алу бойынша 43,7 млн. АҚШ доллары сомасына 4,375% купонмен және 2027 жылға дейін төленетін транзакцияны аяқтады. Мәміле номиналдан төмен 95 доллар бағамен жабылды. Қазіргі күнге баға шамамен 108 долларды құрайды.

2020 жылғы тамыздың басында ГРЭС-2 өзінің валюталық міндеттемелерін 105 млрд теңгеге 12% - дан теңгемен қарыз тарту арқылы АҚШ долларымен және рубльмен қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. ГРЭС-2 қарыз капиталының ағымдағы орташа мөлшерлемесі 31.03.2020ж. бойынша валюталық тәуекелдің теріс әсерін ескере отырып 12,5%   жылдық пайызды құрады.




«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего