РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Зерттеу

Құндылықтар: Зерттеулер мен білімді басқару жөніндегі қызмет бүгінгі таңда толықтай қалыптасқан. Бұл қызметтің мақсаты — Қорды негізгі экономикалық көрсеткіштердің бенчмаркингі саласындағы алдыңғы қатарлы білім мен сарапшы орталығы ретінде таныту. Қордың тұтқалы құндылықтарымен сәйкестендіре отырып, біздің негізгі рөліміз — «Самұрық-Қазына» мен қоржынды компаниялардың құнын қалыптастыру және арттыру. Бұл мақсатқа Білімді басқару жөніндегі департаменттің қамтамасыз етуі арқылы, тәуелсіз пікірлер мен бағалаулар жолымен қол жеткізу көзделіп отыр.

Зерттеу саласы: Біздің зерттеулеріміз ішкі макроэкономикалық жағдайлар, валюта нарығы, мұнай және шикізат тауарлары туралы апталық есептер, негізгі индустриялар жөніндегі және тақырыптық есептер, компаниялар бойынша талдаулар мен балама компаниялар бойынша бенчмарк-талдаулар, сондай-ақ, аймақтық және әлемдік ақпарларды қамтиды.

Біздің тәжірибеміз: Жетекші сарапшылар мен салалық мамандардан құралған біздің командамыздың экономиканың түрлі салалары және макроэкономикалық зерттеулер бойынша мол тәжірибесі бар.

«Самұрық-Қазына» АҚ мұнай нарығының 2017 жылға арналған болжамын ұсынады Мұнай-газ
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану Энергетика
Қазақстан: 2016 жылға экономикалық болжам Көрсеткіштер мен болжамдар
«Самұрық-Қазына» АҚ зерттеулер департаментінің уран нарығына шолуы мен болжамы Өндіру




Қоржын компаниялар
© 2009-2018 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего