Әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлес

Қордың портфельдік компанияларының қызметі қатысу аймақтарындағы адамдардың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді. Қор ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы әлеуметтік-
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Жұмыс орындарын құру

Қор жұмыскерлерінің саны 259 мыңнан асатын елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2022 жылы өндірістік персоналдың үлесі 93%-ды, әкімшілік-басқару персоналының үлесі 7%-ды құрады.

Қор жұмыскерлерінің әл-ауқатына, сондай-ақ әртүрлілік, инклюзивтілік мәселелеріне ерекше назар аударады. Есепті жылы Қор жалақыны жоспарлы түрде саралап көтеруге бастамашы болды. Қор тобының барлық кәсіпорындары бойынша еңбекақы 5-тен 48%-ға дейін өсті, бұл өндірістік персоналдың жалақысы төмен лауазымдарына баса назар аударды. Қамту 243 мың адамды құрады.

Ел бюджетіне төлемдер

Есепті жылы Қор республикалық бюджетке 170 млрд теңге дивиденд төлеп, өткен жылдың көрсеткішінен екі есе артық. Сонымен қатар 132 млрд теңге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды басқа да бөлу түрінде қолдауға бағытталды.

Есепті жылы бюджетке төленген салық сомасы 1,7 трлн теңге. Жұмыскерлер бойынша Қор тобы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік салық төлейді.

Елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған инвестициялық жобалардың екі топтамасын бекітті.

13 инвестициялық жобаның бірінші топтамасы Алматының жылу электр орталықтарын газдандыру, Батыс Қазақстанды сумен жабдықтау, жаңа газ құбырлары мен темір жолдар салу сияқты бастамаларды қамтиды. Екінші топтама 20 жобаны қамтиды, оның ішінде ұлттық электр желісін жаңғырту, электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі жобалар, 5G интернет желісін және жаңа теміржол жолдарын салу, сондай-ақ мұнай-газ химиясы жобалары.

Жоғарыда аталған жобалар Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жұмыс орындарын құру түріндегі тікелей әсерден басқа, жобалар жанама ұзақ мерзімді әсерлерге ие, соның ішінде еңбек жағдайлары мен экологияны жақсарту, өмір сүру деңгейінің өсуі және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Есепті жылы жалпы құны 1 трлн 344 млрд теңге болатын бес инвестициялық жоба іске асырылды.

Шикізаттық емес өндірісті дамыту

Есепті жылы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. ЖШС кешенінің ашылуы өтті – бұл шикізатты терең өңдейтін Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы алғашқы ауқымды зауыт. Жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды, бұл әлемдік полипропилен өндірісінің шамамен 1% құрайды және зауытқа әлемдегі жетекші полипропилен өндірушілерінің қатарына кіруге мүмкіндік береді. Жоба қазақстандық экономиканы әртараптандыруға және экспорттың шикізаттық бағытынан кетуге бағытталған. Полипропилен барлық салаларда қолданылады: медицинада, ауыл шаруашылығында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, жол құрылысында және басқа салаларда.

Кезекте синергетикалық әсер беретін полиэтилен өндіретін зауытты салу. Тұтастай алғанда, интеграцияланған мұнай-газ-химия кешенін салу жобасын іске асыру ел экономикасының құрылымына оң әсер ететін болады.

Экологиялық мәселелерді шешу

Оңтүстік астананы дамытудың өзекті мәселелерінің бірі – экология. Алматы ЖЭО-2-ні газ отынына ауыстыру бұл мәселені ішінара шешеді. Бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарындыларын айтарлықтай азайту үшін де қажет.

Жоба ауқымды және газ турбиналық технологияларды пайдалана отырып, электр және жылу энергиясын біріктіріп өндірудің ең жақсы қолжетімді технологиясын қолдануды қамтиды. Жоба технологиялық процестерді, оның ішінде шығарындыларды бақылау жүйесін автоматтандыруды көздейді. Өндіріске қызмет көрсету шығындарын қысқарту Қордың төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі бағдарламасын орындауға үлесін қамтамасыз етеді.

«АТЭЦ-2 жаңғырту» жобасы аяқталғаннан кейін CO2 көмірқышқыл газы бойынша шығарындылар 1,5 есе азаяды деп күтілуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша станцияны газдандыру жобасы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ең қатаң талаптарына сәйкес келеді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Алматының жылу электр орталықтары үшін газ инфрақұрылымының құрылысын жобалайды. Газ экспорттан ішкі нарыққа қайта бөлудің арқасында Батыс Қазақстанның кен орындарынан түсетін болады. Бұл елдегі газға деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысындағы Шелекте «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңа жел паркі салынды. 90 метрлік жиырма төрт қондырғы 60 мыңнан астам үйді таза энергиямен қамтамасыз ете алады.

Демографиялық өсу, жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы, сондай-ақ жаз мезгілінде суды тұтыну қарқынының жоғарылауы батыс өңірінде су тапшылығы проблемасына алып келеді.

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының өсіп келе жатқан сұранысының деңгейіне жауап беретін сапалы, сенімді және үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушылары үшін, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін су берудің жалғыз орталықтандырылған көзі. Суды тұтынатын халық Маңғыстау облысы санының 35%-дан астамын және Атырау облысы санының 28%-дан астамын құрайды. 2022 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша 29 млн 786 мың текше метр тұщы су берілді. 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 399 мың текше метрді құрады. Айта кету керек, жоба маңызды әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысы үшін де қажет.

2022 жылы Қаражанбас кен орнында қабат суын тұщыландыру зауыты пайдалануға берілді. Зауыт іске қосылғанға дейін кәсіпорын «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан сумен қамтамасыз етілді. Тазартылған су бу шығару үшін пайдаланылады, ол кейіннен мұнай алу үшін қабатқа айдалады. Осылайша зауыттың Еділ суын тұтынуы азайды, бұл «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан су көлемін өңір халқының қажеттіліктеріне қайта бағыттауға мүмкіндік берді.

Экономиканы субсидиялау

Бағалар мен тарифтердің өсуін тежеу мақсатында Қор әлеуметтік маңызы бар салаларды өзара субсидиялауды жүргізеді.

2022 жылы Қор есебінен бағалар мен тарифтерді айқас субсидиялау көлемі 918 млрд теңгені құрады. Тарифпен жабылмаған күрделі салымдардың сомасы 256 млрд теңгені құрады. Экономиканы субсидиялау негізінен сұйытылған газ бен мұнай өнімдерінің бағасын, газ тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді теміржол арқылы (астық, химиялық заттар мен сода, минералды тыңайтқыштар, көмір, құрылыс жүктері және т.б.) тасымалдау тарифтерін қамтыды. Сонымен қатар қаражат электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңестіруді ұйымдастыруға және жылу энергиясының төмен тарифтерін сақтауға жұмсалды. Оның едәуір бөлігі мерзімді басылымдар бойынша, жергілікті деңгейде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша тарифтерге бағытталды.

Бизнесті қолдау

Қор қазақстандық өндірушілермен және салалық қоғамдық бірлестіктермен тікелей диалогты қолдайды. «Самұрық-Қазына Контракт» еншілес сервистік компаниясында импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша Қордың орталық жобалау кеңсесі жұмыс істейді.

Қордың барлық портфельдік компаниялары үшін жергілікті қамту үлесі және отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесі бойынша жыл сайынғы ҚТК белгіленді. Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеудің арқасында Өндірушілер тізілімі кеңейтілді. Құжаттар тізбесі оңайлатылып, тіркеу цифрлық форматқа ауыстырылды.

Қордың импортты алмастыру бағдарламасы өзінің дамуын жалғастыруда. Қордың еншілес және тәуелді ұйымдарынан офтейк тапсырыстардың арқасында 40-тан астам жоба іске қосылды.

Әлеуметтік және қайырымдылық жобалары

Есепті жылы Қор компаниялары тобы қайырымдылыққа арналған бюджетті 40%-ға 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты және Қазақстан өңірлерін қолдауға назар аударды. Мемлекет басшысы жариялаған 2022 жыл шеңберінде – «Балалар жылы», әлеуетті пайдаланушылардан өтінімдерді қарау кезінде балаларды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыруға елеулі көңіл бөлінеді.

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры өткен жылы 43 әлеуметтік жобаны іске асырды, 500 мыңға жуық қазақстандық көмек алды. Ең жарқын бастамалардың қатарында: ҚР шалғай станцияларының 60 мың тұрғынына білікті медициналық көмек көрсету бойынша «Медициналық пойыздар» жобасы; соның арқасында Қазақстан Республиаксының 15 қаласындағы ерекше балалар бейімделген спортпен шұғылдана алды; Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскеменмен Оралда перзентханаларына сәбилерді реанимациялауға арналған гипотермия аппараттарын жеткізу.

2022 жылғы тағы бір ірі әлеуметтік жоба жайлы мектептер салу жобасы болды. Ұлттық жобаның мақсаты – орта білім беру ұйымдарындағы апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою.