Қордың кредиттік рейтингтері

Халықаралық рейтингтік агенттіктерден кредиттік рейтингтер алу Қордың несиелік қабілеттілігін тәуелсіз және сенімді бағалау. Рейтингтік агенттіктерге кредит қабілеттілігін мұқият және сенімді бағалау үшін Қордың барлық қажетті ақпаратына қолжетімділік беріледі.

S&P Global Ratings және Fitch Қордың индустрияландыруға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан экономикасындағы маңызды рөлін атап өтеді.

2022 жылғы 8 қыркүйекте S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қордың рейтингі бойынша «теріс» деген болжамды қайта қарады және Қордың «ВВВ-/А-3» деңгейіндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, сондай-ақ «KZAAA» ұлттық қазақстандық шәкілі бойынша рейтингін растады.

2022 жылғы 28 қарашада Fitch Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты».

16 желтоқсанда Moody's «Самұрық-Қазына» қорының рейтингін Baa2 деңгейінде растады, болжам – «тұрақты».

Осы бөлімде қаржылық көрсеткіштер алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған 12 айдағы деректерге негізделген. Төмендегі кестеде Қор тобының шоғырландырылған нәтижелеріне қатысты қаржылық ақпарат көрсетілген.

Көрсеткіш

2020

2021

2022

Шоғырландырылған түсім, млрд теңге (мемлекеттік субсидияларды есептемегенде)

8 556

11 710

14 785

Активтер, млрд теңге

27 483

30 310

33 575

Меншікті капиталы, млрд теңге

15 152

17 173

19 744

Акционердің үлесіне шоғырландырылған таза пайда, млрд теңге

558

1 629

1 922

EBITDA (операциялық)*, млрд теңге

1 870

2 856

3 241

EBITDA Margin (%)

21,9

24,4

21,9

* Үлестік кірісті есепке алмағанда.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған түсім сомасы 14,8 трлн теңге, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 3,1 трлн теңге немесе 26%-ға жоғары. 2021 жылмен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мынадай сегменттер бойынша өсім байқалады: шикі мұнайды сату (+882 млрд теңге), мұнай өнімдерін сату (+1 225 млрд теңге), жүк темір жол тасымалы (+96 млрд теңге), уран өнімін сату (+297 млрд теңге), авиатасымалдау (+160 млрд теңге), электр кешені (+24 млрд теңге), тазартылған алтынды сату (+224 млрд теңге), телекоммуникациялық қызметтер (+40 млрд теңге), өңделмеген мұнайды қайта өңдеу (+1 млрд теңге) және жолаушылар темір жол тасымалы (+32 млрд теңге).

Қор тобының шоғырландырылған активтері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 33,6 трлн теңгені құрады, бұл 3,3 трлн теңге немесе 2021 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 11%-ға артық. EBITDA (операциялық) және EBITDA margin 2022 жылдың қорытындысы бойынша тиісінше 3 241 млрд теңгені және 21,9%-ды құрады, ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұқсас көрсеткіштер 2 856 млрд теңгені және 24,4% -ды құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобы Қазақстан Республикасының бюджетіне барлығы 1696 млрд теңге сомасына салықтар мен төлемдер төледі. Жалпы және әкімшілік шығыстар 482,5 млрд теңгені құрады.

Қордың борышы және EBITDA, млрд теңге (шоғырландырылған)

2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша Борыш/EBITDA көрсеткіші негізінен валюталық қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге, қарыздарды қайта қаржыландыруға және шетел валютасына бағамды нығайтуға байланысты EBITDA өсуі мен борышты төмендеуі есебінен 2021 жылмен салыстырғанда 1,73 деңгейіне дейін төмендеді.