Энергетика

6 275
МВторнатылған қуат

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылы қолданыстағыларын жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылды.

Қызметтің негізгі нәтижелері

Көрсеткіш

2021

2022

өндірістік көрсеткіштер:

электр энергиясын өткізу көлемі, млн кВт*сағ

35 609

35 884

қуатты өткізу көлемі, МВт

3 248

4 013

жылу энергиясын өткізу көлемі, млн Гкал

5,76

5,50

электр энергиясын беру көлемі, млн кВт*сағ

7 650

8 154

көмір сату, млн тонна

44,8

42,4

қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:

түсім

332,5

381,5

дивидендтер

3,2

2

таза пайда

15

30,1

операциялық пайда

53,9

64,6

таза борыш

297,3

268

төленген салықтардың көлемі

41,2

54,6

Электр энергиясын өндіру

2022 жылы электр энергиясын өндіру 35 884 млн кВт*сағ-ты құрады, оның ішінде өндіру Екібастұз ГРЭС-1 – 23 048 млн кВт*сағ, Екібастұз ГРЭС-2 – 6 002 млн кВт*сағт, АлЭС – 5 099 млн кВт*сағ, Мойнақ ГЭС-9 – 973 млн кВт*сағ, Шардара ГЭС – 518 млн кВт*сағ, ЖЭК – 244 млн кВт*сағ-ты құрады.

2021-2022 жылдары Екібастұз ГРЭС-на электр энергиясын өндіру көлемі компанияны иеленудің барлық кезеңінде рекордтық.

Екібастұз энергия торабы елімізде өндірілетін электр энергиясының төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы барлық энергия теңгерімінен 31,8% электр энергиясын өндірді.

Негізгі және қосалқы жабдықтардың тозуын азайту, Алматы энергетикалық торабына электр энергиясын жеткізудің сенімділігін арттыру, сондай-ақ Алматы қаласындағы экологиялық жүктемені азайту жөніндегі шаралар шеңберінде Алматы ЖЭО-ны көмірден газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы ЖЭО-ны жаңғырту

Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Сондай-ақ өткен жылы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қағидалары бойынша ЕРС-мердігерді таңдау бойынша ашық екі кезеңді халықаралық конкурс жарияланды. EPC-мердігерін таңдаудың техникалықерекшелігі және EPC-келісімшартының жобасы Халықаралық инженер-консультанттар федерациясының «сары кітабы» бойынша әзірленген. 2022 жылғы 25 қарашада «АлЭС» АҚ мен ЕҚДБ арасында жобаны қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды.

Алматы ЖЭО-3-ті газға ауыстыру жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.

2022 жылдың соңында АлЭС аукциондық сауда-саттыққа қатысып, оның нәтижелері бойынша АлЭС станцияның мәлімделген қуаты – 480 МВт болатын сауда-саттықтың жеңімпазы деп жарияланды. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы шарт инвестициялардың қайтарылуына кепілдік береді.

ЖЭК-ті дамуына қосқан үлесі

2022 жылғы қыркүйекте Шелек дәлізінде 60 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Qazaq Green Power PLC деп аталатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы» (АХҚО) базасында жаңа компания құру туралы шешім қабылдады.

2022 жылғы 4 қарашада бұл компания АХҚО алаңында ресми тіркелді. IPO-ға дайындық мақсатында ЖЭК және СЭС активтерін шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Богатырь Көмір

«Богатырь Көмір» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымы болып табылатын ашық тәсілмен көмір өндіретін жетекші кәсіпорын. Компанияның жалпы өндірістік қоры шамамен 3 млрд тонна көмірді құрайды.

Қазіргі уақытта «Богатырь» разрезінің өндірістік қуаты – жылына 32 млн тонна көмір (циклдік-ағындық технологияны (ЦАТ) енгізумен – 40 млн тонна), «Северный» разрезінің өндірістік қуаты – жылына 10 млн тонна көмір. Кәсіпорын үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 66%-ы және Қазақстанреспубликасыныңда көмір өндірудің жалпы көлемінің 38%-ы тиесілі.

«Богатырь Көмір» компаниясы – ТМД елдерінің энергетикалық көмір нарығындағы ірі жеткізуші. «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінде Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары және Ресейдің ең ірі электр станциясы – Рефтинская ГРЭС жұмыс істейді. Кәсіпорында 6,3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Көмір өндіру көлемі

2022 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС компаниясы 42 473,2 мың тонна тас көмір өндірді. Бұл ретте өткен жылы сатылған көмір көлемі 42 409,4 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қазақстанның ішкі нарығына 32 324,9 мың тонна, Ресейге экспортқа – 10 084,5 мың тонна.

Технологиялық жаңарту

2022 жылдың соңы көптен күткен оқиғамен ерекшеленді: «Богатырь» көмір кенішінде ЦАТ тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Жаңа технология «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуатын қазіргі 42-ден жылына 50 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Нысанды толық пайдалануға беру 2023 жылдың жазында жоспарланып отыр.

«Богатырь» разрезінде көмір өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты, онда көмірді тасымалдаудың қолданыстағы теміржол схемасы тиімсіз, ал негізгі тау-кен көлік жабдықтары өз ресурсын әзірледі және жаңартуды қажет етеді.

ЦАТ жобасында көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясын енгізу көзделіп отыр, бұл «Богатырь» кенішінің көмір өндіру қуатын жылына 32 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл еңбек өнімділігін 25%-ға арттыруға және көмір өндірудің өндірістік құнын 12%-ға, вагондар айналымының уақытын – 14,3-тен 5,4 сағатқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2022 жылдың соңына қарай ЦАТ жобасын іске асыру соңғы кезеңге жетті. Кешеннің негізгі технологиялық желілері — ұсатқыштан вагондарға тиеуге дейінгі көмірдің алғашқы тоннасын құраммен Астана қаласының 2-ЖЭО-ға жөнелтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС және ел экономикасы үшін ЦАТ жобасының басты мәні электр станцияларын көмірмен кепілді қамтамасыз ету үшін тозған негізгі технологиялық жабдықты жаңарту және бұрынғы теміржол технологиясын пайдалану кезінде мүмкін болмайтын 230 метр тереңдіктен көмір қорларын толық және ұтымды алуды қамтамасыз ету.

Алайда, «Богатырь Көмір» ЖШС-да өндірудің дәстүрлі әдістерінен әлі бас тартқан жоқ. 2022 жылғы мамырда ЭКГ-12К экскаваторы жұмысқа сәтті тапсырылды. Машинаның бұл моделі экскаватордың негізгі жетектерінің жабдықтары мен параметрлерін толық бақылауға мүмкіндік беретін заманауи басқару жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ өткен жылы жүк көтергіштігі 130 тонна самосвалдармен жұмыс істеуге арналған П.Г. Коробков атындағы КАРТЭКС-ИЗ» ЖШҚ шығарған ЭКГ-15М № 1903 жаңа экскаватор пайдалануға берілді. Экскаваторлармен қатар 2022 жылы үш Caterpillar-777E ауыр жүк көтергіштері, бес HITACHI самосвалдары, бір Caterpillar-785D самосвалдары пайдалануға берілді.

Sany маркалы ауыр автокран қуатты күшейту болды. Жаңа машина ұтқырлығымен және салмағы 130 тоннаға дейінгі жүктерді көтеру қабілетімен ерекшеленеді. Кран тау-кен жабдықтарын жөндеу кезінде пайдалануға арналған. Қазіргі уақытта көмірді жөнелтуге қатысатын негізгі тау-кен жабдықтарының бірі – TAKRAF неміс фирмасының өндірген жеті айналмалы CРс(K)-2000 экскаваторы. «Богатырь Көмір» өндірістік-техникалық басқармасының қаруында Vollert неміс компаниясы шығарған бес PRO TANDEM DER-300 робот-тартқышы бар.

Пайдалануға берілген техника мен ЦАТ өз ресурсын әзірлеген ескі техниканы босатуға және кеншілердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

цат кешені персоналын дайындау

ЦАТ объектілері үшін кадрларды даярлау процесі үздіксіз сипатқа ие және келесі жылдары жалғасады

2022 ЖЫЛЫ САТЫП АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Шелек экскаваторы ЭКГ-12K
Шелек экскаваторы ЭКГ-15К
Айналмалы экскаватор SRS-2000
Бульдозер САТ D10T
Автосамосвалдар БелА3 – 75139
Автосамосвалдар САТ-777E
Думпкарлар 2ВС-105

Алайда жаңарту тек техникаға ғана емес, зертханалық жабдыққа да әсер етті. 2022 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС MicroLab 40 Series кіріктірілген май талдағышын сатып алды. Құрылғы ішкі жану қозғалтқыштары мен гидравликалық майлардың сынамаларын талдауға арналған. Оның компанияда пайда болуы технологиялық машиналардың бөлшектері мен түйіндерінің күйін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-да ашық тау-кен жұмыстарын Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ДБАЖ) сәтті енгізілді, ол іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Шахтерлердің жалақысын көтеру

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС барлық кәсіпорындарында тарифтік ставкалардың (айлықақылардың) 15%-ға өсуі байқалды. Көмір құны өткен жылдың деңгейіне дейін төмендетілгеніне қарамастан Компания осындай әрекетке барды. Соған қарамастан «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлердің өмір сүру сапасына қамқорлық жасап, жалақысын көтерді.

Компания кәсіпорындарында жалақысы төмен мамандықтар бойынша кәсіпорынның 1212 жұмыскерлердің жалақысы 10%-ға ұлғайтылды.

жалақыны көтеру

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ келесі мәселелерді іске асыруды жоспарлап отыр:

  • белгіленген қуаты 500 МВт Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергия блогын пайдалануға беру;
  • Алматы ЖЭО-2 және 3 газға көшіру жобалары бойынша ЕРС-келісімшарттарын жасасу;
  • Qazaq Green Power PLC IPO-ға дайындық.

58,5
млрд кВт*сағ берілген электр энергиясы

«KEGOC» (бұдан әрі – «KEGOC»АҚ) «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) басқаратын компания және Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы мәртебесіне ие.

Қызметтің негізгі нәтижелері

Көрсеткіш

2021

2022

өндірістік көрсеткіштер:

электр энергиясын беру көлемі, млрд кВт*сағ

54,6

58,5

қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:

түсім

186,4

217,3

дивидендтер

41,5

13,2

таза пайда

52,6

26,7

операциялық пайда

56,8

40,9

таза борыш

86,5

69,5

төленген салықтардың көлемі

38,2

38

Әрекетке әсер еткен факторлар

2022 жыл «KEGOC» АҚ үшін мерейтойлық жыл болды. Осы жылдар ішінде компания тұрақты жұмыс істеу және жаңғырту, жаңа электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салу жөніндегі жобаларды табысты іске асыру үшін қуатты іргетасын құрды.

Көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлемін орындау Компанияның тұрақтылығы мен дамуына тікелей байланысты. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҰЭЖ бойынша электр энергиясын беру көлемі 58,5 млрд кВт*сағ-қа жетті, бұл өткен жылға қарағанда 7,2%-ға жоғары. Желіге жіберуді және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша 104,3 млрд кВт*сағ-ты құрады. «KEGOC» АҚ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру 203,1 млрд кВт*сағ-ты құрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 26,7 млрд теңгені құрады. Қуат тапшылығына байланысты БЭК-тің теңгерімсіз жұмысы қаржылық көрсеткіштерге айтарлықтай теріс әсер еткенін атап өту қажет. Мәселен, 2022 жылы Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алу және сату жөніндегі операциялардан түскен шығын – 17,9 млрд теңге. Бұдан басқа негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде 2021 жылғы желтоқсанда амортизациялық аударымдар шамамен 24,3 млрд теңгеге ұлғайды. Осы жағымсыз факторларды есепке алмағанда, қаржылық нәтиже 51,1 млрд теңгені құрады.

Қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен тәжірибесі – компанияның одан әрі табысты дамуының, күрделі техникалық және технологиялық міндеттерді шешудің кепілі. Сондықтан 2022 жылдың басты назары қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясат болды. Есепті кезеңде персоналдың лауазымдық жалақысы мен тарифтік ставкалары көтерілді, тоқсандық сыйлықақылардың мөлшері ұлғайды, соның есебінен жұмысшы персоналдың жылдық жиынтық табысы 28-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар 15-36%-ға және орта буын басшылары 10-15%-ға өсті.

Инвестициялық қызмет

2022 жыл ішінде ел үшін әлеуметтік маңызы бар желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру жалғастырылды. Компания оның шеңберінде кернеуі 220 кВ» Орталық қ» қосалқы станциясы пайдалануға берілген «Түркістан қаласын сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» жобасын аяқтады.

Ақтөбе, Батыс және Сарыбай жүйеаралық электр желілері филиалдарында 220-500 кВ электр беру әуе желілерін қайта жаңарту жалғасты. Іске асырылып жатқан жобалардың қатарында 2023 жылы аяқталуы жоспарланған – «Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы». Компанияның барлық жобалары бюджеттік қаржыландырусыз меншікті және қарыз қаражаты есебінен іске асырылады.

Дивидендтер мен төлемдер

KEGOC» АҚ 2022 жылғы маусымда 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13,2 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төледі.

«KEGOC» АҚ қаржы институттары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындайды. Сонымен қатар 2022 жылғы қыркүйекте «KEGOC» АҚ Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 46,3 млн АҚШ долл. 8,44% көлемінде үлесті сатып алу болды. Бұл валюталық тәуекелді, борыштық жүктемені және шетел валютасындағы қарыздарға қызмет көрсету шығындарын азайту мақсатында дайындалды. Қаражат 2010 жылы «Қазақстан ҰЭЖ-на кернеуі 500, 220 кВ желілерімен қосыла отырып, 500 кВ Алма ҚС құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру үшін 2035 жылы соңғы өтеу күнімен 25 жыл мерзімге тартылды. Яғни, Компания оны мерзімінен 13 жыл бұрын толық көлемде төледі.

«Жасыл облигациялар» шығарылымы

«KEGOC» АҚ алғашқы «жасыл» облигацияларды шығарды. Оларды орналастырудан түскен қаражат компанияның жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды тарту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясын беру тиімділігін арттыру үшін қажетті желілік инфрақұрылым салумен байланысты жобаларын іске асыруға бағытталатын болады. Шығарылым көлемі қамтамасыз етусіз 35 млн купондық облигациялар есебінен 35 млрд теңгені, номиналды құны – бір дана үшін 1 000 теңгені құрады.

2022 жылғы желтоқсанда «KEGOC» АҚ үшін маңызды оқиғалардың бірі «KEGOC» АҚ «Жасыл» облигацияларын 3% маржамен жалпы көлемі 16,1 млрд теңгені құрайтын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында сәтті орналастыру болды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы

2022 жылғы қазанда «KEGOC» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бірінші форум өткізді, оған Қазақстан еспубликасының Энергетика министрлігінің өкілдері, Қордың және оның құрылымына кіретін компаниялардың HSE (Health Safety Environment) саласындағы басшылары мен сарапшылары, «KEGOC» АҚ, сондай-ақ ТМД елдері компанияларының өкілдері қатысты.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы – 2022» аясында өткен форумда HSE саласындағы бейінді мамандар мен көшбасшылар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті, өнеркәсіптік медицина және өндірістегі заманауи қорғау құралдары туралы айтылды.

Іс-шарада «Vision Zero Қазақстан» іскерлік кеңесінің төрағасы «KEGOC» АҚ-ға компанияның халықаралық нөлдік жарақаттану қозғалысының қатысушысы – Vision Zero (барлық деңгейдегі еңбек қызметінің негізгі үш аспектісіне негізделген Vision Zero тұжырымдамасы – қауіпсіздік, денсаулық және әл-ауқат, бүкіл әлем бойынша жетекші өндірістік компанияларды біріктіреді) екенін растайтын сертификат табыс етті.

Форумдағы тағы бір маңызды оқиға «KEGOC» АҚ филиалдары басшыларының Health&Safety саласындағы жеке міндеттемелеріне қол қоюы болды, оған сәйкес компанияның кез келген қызметкеріне қауіпті еңбек жағдайлары анықталған жағдайда жұмыстардың орындалуын тоқтату құқығы беріледі.

Одан арғы перспективалар

Энергетикалық ауысумен, әсіресе декарбонизациямен, геосаяси тұрақсыздықпен және елдегі макроэкономикалық ортаның өзгеруімен байланысты жаһандық трендтердің әсерінен компанияның Даму стратегиясын өзектендіру қажеттілігі туындады. Бұл ретте, компания «KEGOC» АҚ қаржылық тұрақтылығын нығайту, жобалар мен бастамалар портфелін айқындау, рентабельді жобаларға инвестициялау, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, корпоративтік басқаруды жетілдіру және орнықты дамуды қамтамасыз ету арқылы ұзақ мерзімді құнды ұлғайту мақсатына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласын дамытудың 2032 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірледі, оны қабылдау 2023 жылы жоспарланып отыр. Жақын арада «Жылу энергетикасы туралы» Заңның қабылдануы күтілуде, ол өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге, ұзақ мерзімді жоспарларды айқындауға және орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге назар аударуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа заңнаманы өзгерту электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын Бірыңғай сатып алушы – нарықтың жаңа нысаналы моделіне көшуді көздейді. Сондай-ақ заң жобасында нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізу көзделген.

Бірыңғай сатып алушының моделін енгізу:

  • экологиялық талаптарды ескере отырып, жаңа генерацияны, оның ішінде базалық және маневрлік генерацияны салуға инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ету;
  • тұтынушыларға олардың теңгерімсіздігін төмендететін (нақты шамалардың жоспарланғаннан ауытқуы) тұтыну кестесінің қисығын мәлімдеуге мүмкіндік беру;
  • ЖЭК-тен және жаңа генерациядан қымбат электр энергиясын, сондай-ақ энергия жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы кезінде электр энергиясының қымбат импортын бөлуді қамтамасыз ету.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын (ЭТН) нақты уақыт режимінде іске қосу кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:

  • көтерме сауда нарығы субъектілерінің бекітілген диспетчерлік кестеден сағаттық ауытқулары үшін жауапкершілігінің атаулылығы;
  • тұтынушыларды жүктеме кестесін тәуліктің ең жоғары сағаттарынан басқа уақыттарына ауыстыруға ынталандыру (тұтынудың «ең жоғары» сағаттарындағы ЭТН бағасы тұтынудың «сәтсіздігі» деп аталатын сағаттарға қарағанда әлдеқайда қымбат), бұл жаңа реттеуші қуаттарды салу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді;
  • нәтижесінде шектес энергия жүйелерімен шекарада жоспарланғаннан нақты тұтынудың ауытқуын азайту мүмкіндігі.

«KEGOC» АҚ генерациялайтын қуаттарды, оның ішінде дәстүрлі және маневрлік генерацияны дамыту жағдайларын жасау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырады, электр энергиясы нарығының жаңа моделін әзірлеуге және талқылауға, құқықтық актілерді дайындауға, көтерме сауда нарығы субъектілерін Қазақстанның ұлттық электр желілеріне қосу жөніндегі белсенді қатысуды жалғастырады.

Қазақстанда және әлемде саланың даму үрдістерін, өндірістік және корпоративтік процестердің ағымдағы жай-күйін талдау негізінде «KEGOC» АҚ технологиялық даму мен цифрландырудың негізгі бағыттарын, оның ішінде негізгі бағыттарын: жүйелі қызметтер көрсету және ЖЭК интеграциялау үшін энергия жинақтау жүйелерін дамыту мен қолдануды, цифрлық қосалқы станцияларды қолдануды қарауды қалыптастырды.

Негізгі бизнесті тиімді қолдауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді, сондай-ақ «Smart Grid» инновациялық-технологиялық даму технологияларын дамытудың басымдықтарын көрсететін «KEGOC» АҚ ақпараттық-телекоммуникациялық кешенін мыту бағдарламасы әзірленетін болады.