Энергетика

Төмен көміртекті энергия көздері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (бұдан әрі – «КАЭС» ЖШС) АЭС құрылысы бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

АЭС құрылысы жобасын іске асырудың ағымдағы мәртебесі

2022 жылы техникалық-экономикалық негіздеменің маркетингтік бөлімі әзірленді және өзектендірілді. Өткен жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында АЭС салу үшін үлкен ауылының маңындағы ауданды таңдауда «КАЭС» ЖШС ұсыныстары қолдау тапты.

Сондай-ақ АЭС әлеуетті вендорларын таңдау бойынша жұмыс жүргізілді, Француз EDF, корей KHNP, ресейлік Росатом және қытайлық CNNC компаниясының ұсыныстары енгізілген тиісті «қысқа тізім» жасалды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2022 жылы қазақстандық БАҚ-та атом энергетикасы тақырыбы бойынша 668 материал шығарылды, оның ішінде теледидар арқылы – 87, баспа және интернет арқылы – 581. Оның ішінде «КАЭС» ЖШС тікелей ұйымдастырушылық, консультациялық, сараптамалық және техникалық қатысуымен 441 (теледидарда – 54, газеттерде және интернет-ресурстарда – 387) жарияланды.

2022 жылғы шілдеде «КАЭС» ЖШС тапсырысы бойынша ел халқының атом энергетикасына қатынасын және атом электр станциясын салу жөніндегі жоспарларды анықтау мақсатында кәсіби әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. 2022 жылғы сауалнама нәтижелері 2021 жылмен салыстырғанда қоғамдық қолайлылық деңгейінің өскенін көрсетті.

Атом энергетикасы туралы білетіндердің саны бір жылда екі есеге – 19-дан 38%-ға дейін өсті. Бұл ретте, респонденттердің 48%-ы Қазақстанға өз атом электр станциясын салу қажет деп санайды, ал атом электр станциясын салу бойынша жобаға қарсыластар саны 44%-ға дейін қысқарды.

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы «КАЭС» ЖШС:

  • Үлкен ауылында көпшілік тыңдаулар өткізу және ҚР Үкіметінің АЭС салу ауданын таңдау туралы қаулысын қабылдауды;
  • вендорды таңдау бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін дайындауды, келісуді және қабылдауды;
  • инженерлік ізденістер жүргізуге және ТЭН әзірлеуге арналған жұмыс көлемін айқындауды және техникалық тапсырманы бекітуді жоспарлайды.
Қазақстандағы АЭС құрылысын жақтаушылар