Инвестициялық қызмет

Қор портфеліндегі коммерциялық активтерді ұлғайту және осылайша 2024 жылға қарай инвестициялық портфельді белсенді басқаруға толық көшумен портфельді оңтайландыру мен қайта құрылымдауды жалғастыруға назар аудару – бұл Қордың жақын болашақтағы міндеттері.

Қордың инвестициялық холдинг форматына көшуі активтер портфелінде екі санаттың болуын білдіреді. Біріншісі – Қордың бақылау үлесі сақталатын стратегиялық активтер. Бұл активтерді басқару акционердің құқықтарын іске асыру арқылы және осы компаниялардың Директорлар кеңесіндегі Қор өкілдерінің көмегімен жүргізілетін болады.

Экономикалық қалпына келтіру кезеңінде Қордың инвестицияларын шоғырландыру бірлесіп инвестициялау қағидаттарында басым бағыттарды дамытуға жұмсалады.

Шетелдік инвестициялар бойынша тікелей және портфельдік екі бағыт бөлінген. Ұзақ мерзімді перспективада тікелей инвестициялар бойынша дамыған елдерде, Қор портфелін әртараптандыруды қамтамасыз ететін салаларда іске асырылатын жобаларға салымдар жоспарланады.

Осы бөлікте «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық саясаты Қордың 2032 жылға дейінгі даму стратегиясына толық көлемде сәйкес келеді және оны іске асыруды қолдайды.

Инвестициялық саясат

Қордың инвестициялық саясаты портфельді басқару жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асыру үшін әзірленді және Қордың мақсаттары мен принциптерін, сондай-ақ Қордың инвестициялық портфелін басқарудың негізгі ережелері мен құралдарын айқындайды.

Саясаттың ҚР Үкіметі бекітуге ұсынған бәсекелес ортаға беруге жататын ұйымдардың тізбесіне кіретін портфельдік компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару жағдайларына қолданылмайтынын білу маңызды.

Үш басым мақсат Қордың инвестициялық саясатын айқындайды. Біріншісі – Қор портфелінің құнының ұзақ мерзімді тұрақты өсуін және капиталдың ақылға қонымды өсуін қамтамасыз ету. Екіншісі – болашақ ұрпақ үшін қаржылық әл-ауқатты қалыптастыру, сақтау және көбейту.

Ал үшіншісі – география, экономика салалары және активтер кластары бойынша қоржынды әртараптандыруды қамтамасыз ету.

Бұл ретте Қор инвестициялық қағидаттарды басшылыққа алады.

Коммерциялық орындылық қағидаты Қордың және портфельдік компаниялардың инвестициялық жобалары коммерциялық орындылық, ұзақ мерзімді мүдделер және инвестициялардың кірістілігі мен қайтарымдылығын барынша арттыру қағидаттарына негізделеді.

Қордың Қазақстан аумағында өз экономикалық қызметін жүргізетін объектілерге инвестициялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және жеке сектордың дамуына кедергі келтірмейтін шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады, бәсекелестікті шектемейді, монополияландыруға әкелмейді.

Жауапты инвестициялар қағидаты экономикалық, әлеуметтік қағидаттар мен басқару қағидаттарын (ESG қағидаттары), сондай-ақ темекіге, ішімдікке, қару-жараққа және т.б. инвестицияларға тыйым салуды қоса алғанда, тұрақты дамуға жәрдемдесу.

Қор тұрақты құнды құруға бағытталған және нарықтардың қысқа мерзімді құбылмалылығына төтеп бере алатын ұзақ мерзімді инвестор.

Инвестициялау өлшемдері

  • Барлық инвестициялардың оң таза келтірілген құны (NPV > 0) және кірістіліктің ішкі нормасы меншікті капитал (IRR>CoE) құнынан жоғары болуы тиіс.
  • Стратегиялық серіктестің болуы: Қордың жаңа инвестициялары стратегиялық серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылады.
  • Қор Қазақстанға стратегиялық байланысы бар экономика салаларында (мұнай саласын қоспағанда) халықаралық инвестицияларды жүзеге асырады. Сондай-ақ жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде және жобаның өмірлік циклінің кезеңдерінде инвестицияларды жүзеге асырады.

Инвестициялық жоспарларды іске асыру үшін Қор ақшалай қаражаттың барлық қолжетімді көздерін – меншікті қаражатты, портфельдік компаниялардан дивидендтерді, шығу туралы шешім кезінде девестициялардан (компанияларды (үлестерді) өткізуден) түскен қаражатты, ішкі және халықаралық капитал нарықтарында тартылған қарыз қаражатын, топішілік қаржыландыруды және өзге де көздерді пайдаланады.

Қордың басым инвестициялық жобалары

2022 жылы Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы Инвестициялық штабының отырысында мақұлданған басым инвестициялық жобалардың бірінші пакетін іске асыруды жалғастырды. Олардың көпшілігі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына және түрлі бағдарламалық елдік құжаттарға енгізілген.

Инвестициялық стратегияға сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ жалпы сомасы 20 трлн теңгеден асатын Қор тобының басым инвестициялық жобаларының екінші пакетін іске асыру бойынша бастама көтерді. Жобалар мұнай-газ химиясының, электр энергетикасының, газ инфрақұрылымының, теміржол көлігі мен телекоммуникацияның сыни инфрақұрылымын кеңейту салаларын қамтиды.

Жобалардың осы тобын іске асыру 39 мыңнан астам уақытша және 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға, қосымша электр қуатын 8,4 ГВт дейін енгізуге, батыс өңірде мұнай-газ-химия кластерінің дамуына қуатты серпін беруге мүмкіндік береді (полиэтилен – 1,25 млн т/жыл, бутадиен – 45 мың т/жыл, изобутан-изобутилен фракциясы – 130 мың т/жыл, синтетикалық каучук – 100 мың т/жыл, метил-трет-бутил эфирі – 40 мың т/жыл) газды магистральдық тасымалдау көлемін жылына 15 млрд м3/жыл ұлғайту, шикі газды кәдеге жарату деңгейін жылына 4 млрд м3/жыл көтеру және тағы басқалар.

Жобалардың атауы

Алдын ала құны млрд теңге

1-ші пакет

«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту (1 кезек)

113,8

Кендерли кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу

127,2

Кендерли кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу

98,2

Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта жаңарту, оның ішінде

«Бейнеу-Жаңаөзен» МГ 2-ші желісін салу

228,3

Алматы қ. ЖЭО үшін газ инфрақұрылымын салу

95,6

«Сарша» аймағын және «жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру

33,2

Қашаған м. Газ өңдеу зауытының құрылысы (1 кезең)

390

Қуаттылығы 600 МВт дейінгі Алматы ЖЭО-2 ПМУ салу

421,1

Қуаты 600 МВт дейін Алматы ЖЭО-2 ПМУ салу

341,4

Қуаты 200-250 МВт ПМУ құрылысымен ЖЭО-1 кеңейту

466,6

Алматының кабельдік желілерін қайта құру

83,3

Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі ПМУ салу

626

«Достық-Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту (1 кезең)

543

Барлығы 1 пакет бойынша

3 567,7

2-ші пакет

Полиэтилен өндірісі

3 661

Полиэтилен жобасына арналған газ бөлу қондырғысын салу жобасы

1 071

Қазақстан Республикасында бутадиен және оның туындыларын өндіру

417

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ магистральдық газ құбырының қуатын арттыру

1 992

Шикі газды кәдеге жарату бойынша Қашаған жобасын дамыту (2 кезең)

1 010

№3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау

445

№4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту

548

№5 және 6 Энергия блоктарын орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту

1 096

ГРЭС-3 таза көмір технологиялары базасында станция салу

1 400

Батыс Қазақстан энергожүйесінің Қазақстан БЭЖ-мен бірлестігі

103

Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту

222

Қуаты 2800 МВт дейінгі атом электр станциясын салу

5 760

ҚР-да 5G желісін салу

395

Каспий теңізінің түбімен магистральдың ТОБЖ төсеу

59

Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу

73

Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу

94

«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы

162

Бақты-Аягөз темір жол желісін салу (3-ші шекаралық өткізу пункті)

321

«Total Open» - пен бірлесіп энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС салу

905

«ACWA Power» - пен бірлесіп қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу

675

Барлығы 2 пакет бойынша

20 409

Қор ел үшін аса маңызды жобаларға, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған жеке инвесторлар іске асыра алмайтын жобаларға ғана қатысады.

Жаңартылатын энергетика желісі бойынша жаңа инвестициялар

2022 жылы Қор портфельдік компаниялармен бірлесіп жаңартылатын энергетика саласындағы стратегиялық әріптестерді тарта отырып, басқалардан басқа, инновациялық инвестициялық жобаларды пысықтауды жүргізді. 2021 және 2022 жылдары қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум, Қағидаттар туралы келісім және Қор, ҚМГ, Total Eren және ҚР Энергетика министрлігі арасындағы негізгі шарттар туралы келісім шеңберінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу бойынша энергия жинақтау жүйесі бар ірі ауқымды жобаны іске асыру жоспарлануда.

Осыған ұқсас жел генерациясының жобасы Сауд Арабиясының серіктесімен талқылануда. Сондай-ақ «Қуаттылығы 60 МВт Шелек дәлізінде 300 МВт дейін кеңейту перспективасымен ЖЭС салу» жобасы іске қосылды. 2022 жылғы қыркүйекте Шелек дәлізіндегі ЖЭС станциясының ашылу салтанаты аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Resources Limited» арасында жобаның 2-ші кезеңін одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.


«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қызметі

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС (СҚ Инвест) – стратегиялық серіктестермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жобаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық компания.

Компанияның басты міндеті Қордың инвестициялық портфелін әртараптандыру.

СҚ Инвест жаңа өндірістер, сапалы жұмыс орындарын құру, импортқа тәуелділікті қысқарту, экспортты ұлғайту, шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы экономиканы дамытуды ынталандыруға арналған.

Қызметтің негізгі нәтижелері

Көрсеткіш

2021

2022

қаржылық көрсеткіштер, млн теңге:

өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы құралдарымен операциялардан түскен таза кіріс

4 067

3 853

операциялық қызметтен түскен кірістер

3 991

4 523

қаржылық кірістер (шығындар), нетто

5 488

14 877

салық салуға дейінгі кірістер

1 497

13 488

корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар

462

2 938

кезең ішіндегі кіріс

1 035

10 550

СҚ Инвест 2022 жылғы желтоқсанда Fitch Ratings-ке «Тұрақты» болжамы бар «BB +» деңгейінде эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін («ЭДР») берді. Алынған халықаралық кредиттік рейтинг компанияның беделі мен сенім деңгейін арттырады, сондай-ақ СҚ Инвест брендінің танымалдылығына оң ықпал етеді.

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы компания құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия және электротехникалық өнеркәсіптер саласындағы индустриялық жобаларға инвестициялау арқылы инвестициялық портфельді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы құны Қытай, Швейцария, Түркия инвесторлары тарапынан 101 млрд теңге мөлшеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, 290,7 млрд теңгені құрайды.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ның 2023 – 2032 жылдарға арналған даму стратегиясын миссиясына, пайымдауына, стратегиялық бастамалары мен түйінді басымдықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыұлттық даму басымдықтарына сәйкес өзектендіру жоспарлануда.

 Қазақстандағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын және Қордың ел экономикасындағы рөлін назарға ала отырып, инвестициялардың, ең алдымен, Қазақстан экономикасына (стратегиялық жобаларға) шоғырлануы орынды деп көрінеді.

Жаһандық ауқымда Қор портфельді әртараптандыруға ұмтылады және оны экспорттың жоғары үлесі бар серпінді жобалармен толтырады.

Сыртқы нарықтарда бастамалар мен жобаларды бірлесіп іске асыру мақсатында ірі халықаралық ұйымдармен және ұлттық әл-ауқат қорларымен өзара іс-қимылға баса назар аударылатын болады.

Халықаралық стратегиялық әріптестерді тарту ел экономикасының орнықты дамуы үшін технологиялар трансферті және инвестициялар тарту түрінде оң әсерін тигізеді.

Бұл Қорға жаңа нарықтарға қол жеткізуге және с-инвестициялау тетіктері арқылы ресурстарды біріктіріп, Қазақстанның және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның имиджін арттыра отырып, халықаралық инвестициялар тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.