3 591
млрд теңге жасалған шарттар сомасы

Сатып алу қызметін сүйемелдеу

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС (бұдан әрі – СҚК) Қор компаниялары тобын сатып алу жөніндегі оператор. Компания 2009 жылы құрылған. СҚК электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін (Қордың сатып алу веб-порталы) сүйемелдеуді және дамытуды, жергілікті қамту мониторингін және Қор тобының компаниялары сатып алатын тауарлар бағасының маркетингін жүзеге асырады. Сондай-ақ компания Қор тобының сатып алуларында, мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын әзірлеуші. Бұдан басқа СҚК әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігін жүзеге асырады және Қордың Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі құзыреттілік орталығы ретінде Қор Басқармасы айқындады.

Қызметтің негізгі нәтижелері

Көрсеткіш

2021

2022

Қор тобы бойынша сатып алу қызметінің көрсеткіштері

жасалған шарттардың сомасы, млрд теңге

3 381

3 591

сатып алудағы жергілікті қамтудың жалпы үлесі, %

77 

79 

тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі, %

67 

61 

жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі, %

83 

89 

бір көзден (БК) алу тәсілімен жүргізілген сатып алудың жалпы сомасы, млрд теңге (өткізілген сатып алудың жалпы сомасының үлесі %-бен көрсетілген)

1 340 (39 %)
олардың ішінде ВХК 488 (14 %)

1 407 (39 %)

ашық тендер тәсілдерімен (АТ), баға ұсыныстарын сұратумен (БҰ) және өзге де бәсекелестік тәсілдермен өткізілген сатып алулардың жалпы сомасы, млрд теңге (өткізілген сатып алулардың жалпы сомасының үлесі %-бен көрсетілген)

2 041 (61 %)

2 184 (61 %)

жасалған офтейк-шарттардың саны (жыл соңында өсу қорытындысымен), бірлік

192

331

жасалған офтейк-шарттардың сомасы (жыл аяғында өсу қорытындысымен), млрд теңге

82,2

101,4

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС көрсеткіштері

өндірістік көрсеткіштер

сатып алу веб-порталында тіркелген әлеуетті өнім берушілердің саны (жыл соңында өсу қорытындысымен), мың бірлік

65

81

алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің саны, бірлік

83

129

сатып алу санаттық стратегияларының саны (жыл соңында өсу қорытындысымен), бірлік

78

21

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодтарының саны (жыл соңында өсу қорытындысымен), бірлік

50 670

52 363

қаржылық көрсеткіштер, млн теңге

түсім

8 624

2 781

дивидендтер

164

1 721

таза кіріс

1 902

585

операциялық кіріс

2 191

663

таза қарыз

0

0

төленген салық көлемі

1 115

1 008

Импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру

Қордың стратегиялық міндеттерінің бірі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысу.

Отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі пәрменді тетік Импортты алмастыру бағдарламасы болды, оның шеңберінде өндіруші импортталатын өнімнің жаңа өндірісін құруға, ал Қор компаниялары оны ұзақ мерзімді негізде сатып алуға міндеттенеді.

Осы бағытты іске асыру үшін Қор тоқсан сайынғы негізде Қор компаниялары тобының ұзақ мерзімді қажеттілігі бар «Таза импорт тауарларының пулын» бекітеді. Кәсіпорындарға Қазақстан аумағында өндірісті ретке келтіру ұсынылады, ал Қор компаниялары ұзақ мерзімді сұранысты қамтамасыз етуге міндеттеме алады. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін офтейк-келісімшарттар жасасу үшін 53 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы 101,4 млрд теңге болатын 331 офтейк-келісімшарт жасалды.

Қордың тауар өндірушілерінің тізілімін жүргізу

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасына енгізу үшін ұсынылған материалдар бойынша қабылдау, қарау және шешімдер қабылдау Қордың тауар өндірушілерінің тізілімі (ТӨТ тізілімі), онда болу өндірушілерге Қордың сатып алуларына қатысуға басым құқық береді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ТӨТ тізіліміне енгізу бойынша бизнестен 2 890 өтінім қаралды. Қазіргі уақытта ТӨТ тізілімге 17 мыңнан астам тауар позициясы бойынша 719 ұйым енгізілген.

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Қазіргі заманғы сатып алу практикаларында әлеуетті өнім берушілерді (АБІ) алдын ала біліктілік іріктеудің маңызы зор, жанама түрде кейіннен келісімшарттау тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді, рәсімдерді жүргізуге арналған шығындарды қысқартады, ашықтықты қамтамасыз етеді және ақырында адал бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді. Алдын ала біліктілік тапсырыс берушінің тиісті сападағы тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыра алатын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді білдіреді.

Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне 243 әлеуетті өнім беруші енгізілді. 2020-2021 жылдары БӘӨ тізіліміне 83 әлеуетті өнім беруші енгізілді.

2022 жыл ішінде Қордың портфельдік компанияларымен бірлесіп, олар бойынша ПКО қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің 24 санаты әзірленді. Бұдан басқа 5 санат «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-
Энерго» АҚ ірі инвестициялық жобалары бойынша әзірленді.

Қызметтер көрсету сапасына жүргізілетін мониторинг әлеуетті өнім берушілер тарапынан ПКО үдерісіне қанағаттану деңгейін 100%-ды көрсетеді.

Сатып алуды санатты басқару

Сатып алуды санатты басқару (ССБ) – бұл компания сатып алуының экономикалық тиімділігін арттыруға қабілетті қазіргі заманғы әлемдік басқару практикасы.

ССБ нақты бизнес-бағыттың ерекшеліктерін ескере отырып, сатып алуды жүзеге асыру тәсілін өзгертуге бағытталған. Енгізілетін өзгерістер сатып алу бағаларын төмендетуге, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыруға, логистикалық шығындарды оңтайландыруға, қоймалардағы қалдықтарды төмендетуге және т.б. ықпал етеді.

ССБ-ның артықшылығы өнім берушіні таңдау кезінде сатып алу бағасы ғана емес, тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алған сәттен бастап оларды толық есептен шығару/кәдеге жарату сәтіне дейін туындайтын барлық шығындардың жиынтық құны да негізгі өлшем бола алады.

Қордың ССС іске асыру нәтижелері:

Санаттың (стратегияның) атауы

Пайда (млн теңге)

2021

2022**

1

Жеңіл автокөліктер мен автобустар

66,3

8

2

Медициналық сақтандыру*

651,2

102

3

Электроэнергия*

1 544,3

4

Кабель-өткізгіш өнімдері*

389,8

2

5

Арнайы аяқ киім*

197,7

275

6

Байланыс қызметтері*

158,8

7

Байланысқа арналған жабдықтар мен ІТ жабдықтар

143,4

8

IT бағдарламалық жасақтама

190,8

230

9

Май және майлау*

–150,7

3

10

Арнайы киім

433,8

416

11

Жүк автокөліктері және арнайы техника*

120,1

405

12

Отын*

0,1

93

Жиыны

 

3 745,5

1 299,2

* Қор Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№ 36/22 хаттама) Қор ССС-ның күші жойылды деп танылды.
Қордың және Қор ұйымдарының сатып алу санаттарының тізбесі

2021-2022 жылдары сатып алу санаттарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 21 санаттан тұратын жаңа редакциядағы Тізбе қалыптастырылды.

Қордың сатып алу санаттық стратегияларын (ССС) әзірлеу және іске асыру

2022 жылы Қордың «Арнайы киім» және «IT жабдық» санаттары бойынша ССС өзектендірілді, сондай-ақ «Құбыр өнімі» санаты бойынша ССС әзірленді және бекітілді.

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын одан әрі дамыту

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА) кодтарының жалпы саны 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 52 363 құрайды, оның ішінде тауарлар – 49 982, жұмыстар – 533, қызметтер – 1848. 2022 жылы ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесінде жаңа кодты қосуға 13 118 өтініш қаралды, ТЖҚ БНА кодтарын қарау және бекіту жөніндегі комиссия 1 527 кодты бекітті, ұсынылған кодпен қайтарылды – 11 591 өтініш.

ТЖҚ БНА дамыту және жетілдіру шеңберінде Қор компаниялары сатып алатын жоғары шығынды тауарлардың тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді (ТЖҚ БНА-ның 906-ға жуық коды). ТЖҚ БНА кодтарын дұрыс қолдану мақсатында көрсетілген кодтар бойынша электрондық сатып алудың Ақпараттық жүйесінде қолдану үшін үлгілік техникалық ерекшеліктердің шаблондары әзірленді. Пилоттық жобаны сатып алуларға енгізу 2023 жылы ТЖҚ БНА және ЭСАЖ АЖ модификацияланғаннан кейін болжанады.

Процестерді цифрландыру

ЭСАЖ және ТЖҚ БНА ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты инциденттерді тәулік бойы мониторингтеу, анықтау және оларға ден қою мақсатында инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосу жүргізілді.

2022 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Мүлікті сату ережесіне сәйкес «Қордың мүлкін сату жөніндегі веб-портал» ақпараттық жүйесі әзірленді. 2022 жылғы қарашада Қордың бірнеше портфельдік компанияларының периметріне пилоттық енгізу басталды.

Сондай-ақ Qlik платформасының BI негізінде сатып алулардағы деректерді талдау және визуализациялау жүйесі әзірленіп, пайдалануға берілді. Бұл жүйе сатып алу қызметінің көрсеткіштері бойынша талдау мен есептілікті автоматтандырылған түрде online режимінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сенімсіз өнім берушілердің тізбесі

СҚК сенімсіз өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады және жүргізеді.

2022 жылы сенімсіз өнім берушілер тізбесіне енгізуге барлығы 1045 өтінім қаралды, оның ішінде 972-і тізбеге енгізілді, 73 өтінім бойынша бас тартылды.