Бірыңғай қызмет көрсету орталығы

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС (бұдан әрі – СҚ Бизнес Сервис) 2020 жылғы шілдеден бастап Қорға қызмет көрсетудің ортақ орталығы.

Қордың және компаниялар тобының түйінді қызметін іске асыруға байланысты емес шығындарды оңтайландыру жолымен түйінді бизнестің тиімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарындағы жаңғырту жөніндегі кеңес 2020 жылғы 28 мамырда СҚ Бизнес Сервис базасындағы жалпы қызмет көрсету орталығына операциялық функцияларды орталықтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында қайта құру бағдарламасын бекіту туралы шешім қабылдады.

Компания SAP клиентін сараптау орталығы, Комплаенс құзыреттер орталығы, Активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі оператор және «Құжаттарды орталықтандырылған мұрағаттық сақтау» жобасы.

СҚ Бизнес Сервис «QazCloud» ЖШС еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесіне 51% ие.

«QazCloud» ЖШС ІТ-инфрақұрылымды қолдау, қызмет көрсету және жаңғырту, виртуалды ІТ ресурстарын жалға алу, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ақпараттық деректерін қорғау бойынша қызмет көрсететін сервистік компания.

Компания қызметі Қор тобы үшін инфрақұрылымдық сервистік провайдер құру қажеттілігіне негізделген. 2020 жылы «QazCloud» ЖШС базасында «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде ІТ функциялары бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы құрылды.

Қызметтің негізгі нәтижелері

қаржылық көрсеткіштер, млн теңге

2021

2022

кірістер

14 126,8

11 359,3

өзіндік құн

11 753

10 184,3

жалпы әкімшілік шығындар

884,6

1 070,5

қаржылық кірістер/шығындар

116,8

158,8

таза кіріс

1 120,3

61

төленген дивидендтер

165,3

245

ЖҚКО қызметі

ЖҚКО қызметі басталғаннан бастап Қорды қоса алғанда, Қор тобының компанияларымен қызметтің келесі бағыттары бойынша шарттар жасалды:

  • әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету;
  • жазбаша аудармалар;
  • жұмыскерлерді тасымалдау;
  • басшылардың қызметін қамтамасыз ету;
  • сатып алуды ұйымдастыру;
  • HR-сервисі;
  • бухгалтерлік және салықтық есеп;
  • құқықтық қамтамасыз ету;
  • қауіпсіздік;
  • IT-қауіпсіздік;
  • Комплаенс функциялары;
  • және өзге де функциялар.

2022 жылы ҚР СТ ISO 9001 – 2016 (ISO 9001-2015) стандарты бойынша көрсетілетін қызметтердің сапа менеджменті жүйесін сертификаттау бойынша жұмыс жүргізілді.

Құжаттарды орталықтандырылған мұрағаттық сақтау

Қор тобының ұйымдарындағы жаңғырту жөніндегі кеңестің 2020 жылғы шешімімен СҚ Бизнес Сервис «Құжаттарды орталықтандырылған мұрағаттық сақтау» (ҚОМС) жобасын іске асыру жөніндегі оператор болып айқындалды, оның қызмет периметріне Қордың 61 ПК/ЕТҰ кірді.

2021-2022 жылдары компания жоба аясында екі бағыт бойынша қызмет көрсетті – құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және мұрағаттық құжаттарды сканерлеу және цифрландыру қызметтері.

ҚОМС жобасын толыққанды іске асыру үшін Қор Басқармасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен СҚ Бизнес Сервис жарғылық капиталына «Электрондық мұрағат» ақпараттық жүйесі берілді.

АЖ-ны беру ҚОМС жобасын толыққанды іске асыруды бастауға мүмкіндік берді. Қызмет көрсетуге жасалған шарттардың жалпы сомасы 130 млн теңгені құрады.

SAP клиентін сараптау орталығы

Компания Бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеу бойынша пайдалану құқығын беру және қызметтер көрсету туралы келісімнің негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі SAP ЛБЖ-ны бөлуге және техникалық қолдауға ПК-мен шарттар жасасады.

Келісімнің периметріне Қордың 22 портфельдік компаниясы кіреді.

SAP Клиентін сараптау орталығы мынадай негізгі функцияларды орындайды:

  • Қолдау қызметі;
  • Лицензиялық менеджмент;
  • Келісімшарттық әкімшілендіру;
  • Консалтингтік қолдау;
  • БЖ-ны пысықтауға/түрлендіруге сұрау салуларды үйлестіру;
  • Ақпараттық менеджмент;
  • ПК-мен жалдау шарттарын жасасу және сүйемелдеу/орындау.

Шарттардың жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрады.

Активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі бірыңғай оператор

Активтерді бәсекелес ортаға беру ережелеріне сәйкес компания Бірыңғай оператор болып айқындалды. Іске асырылған және іске асырылатын активтердің автоматтандырылған дерекқоры ақпараттық жүйесі әзірленді және қолданысқа енгізілді (ІААДҚ АЖ). Қорға және барлық салалық компанияларға активтер бойынша деректерді толтыру үшін ІААДҚ АЖ қолжетімділік берілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жүйеге 2020 жылғы желтоқсандағы «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысында көрсетілген 66 актив бойынша жалпы ақпарат енгізілді.

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы компания келесілерді жоспарлайды:

  • көрсетілетін қызметтердің сапасын ұлғайта отырып, қызметтің ағымдағы түрлерін сақтау және дамыту;
  • Тапсырыс берушілерге, оның ішінде мобильді сервистерді пайдалана отырып, қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру;
  • «Көлденең мониторинг» жобасы шеңберінде интеграция функциясын іске асыра отырып, Қор компанияларына ЭА АЖ енгізу;
  • активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырудың ашықтығы мен заңдылығын бақылауды күшейту;
  • SAP келісіміне енген әлеуетті жаңа ұйымдарды қоса алғанда, Қор тобының компаниялары арасында лицензияларды бөлу.