ТДМ қағидаттарын ұстану

Қор Қазақстан Республикасының экономикасындағы өзінің маңыздылығын түсінеді және Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін активтердің әртараптандырылған портфелін тиімді басқару және бизнесті қолдау арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді құнды құруға ұмтылады.

Ұзақ мерзімді тұрақты дамудың негізгі факторлары адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және бұл ретте ESG қағидаттарын енгізу негізінде мүмкін болатын озық бизнес-тәжірибелер мен корпоративтік басқару қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болуы тиіс.

Сондықтан ESG қағидаттарын тұрақты дамыту және енгізу Қордың негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі.

Для стратегических целей в направлений ESG, были определены 5 ЦУР ООН:

Қор БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің құндылықтарын толығымен ұстанады.

Қор БҰҰ-ның барлық 17 ОДМ-нің маңыздылығын мойындайды және өз қызметі аясында оларға қол жеткізуге үлес қосады. Қызметтің ерекшелігіне байланысты,

Қор БҰҰ-ның 11 ОДМ-ін анықтады, оған қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосады.

ESG-Қор тобының рейтингі2032 жылға қарай 70 перцентиль
Қор компанияларының Басқарушы органдардағы әйелдердің үлесін арттыру2030 жылға қарай 30%
Қор және портфельдік компанияларындағы Директорлар кеңесі құрамындағы тәуелсіз Директорлар үлесі50% деңгейінде ұстау
Корпоративтік басқару
Өндірістік қызметтің энергия сыйымдылығын төмендету2027 жылға қарай -10%
Ресурсты үнемдеу
Кадрлық әлеуетті арттыру, жаңа салаларда құзыреттілікті күшейту
Адами капиталды дамыту
«Нөлдік жарақат» қағидатын қамтамасыз ету
LTIFR 0,14-ке жету2023 жыл
Қауіпсіздік мәдениеті бойынша өндірістік персоналды 100% оқыту2023 жыл
Озық H&S тәжірибелері
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын азайту (1 деңгей және 2 деңгей)≥ [-10%] 2032 жылға қарай
Электр энергиясын сатып алудағы төмен көмірсутек үлесін арттыру 2032 жылға қарай 45%
КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУ
Офсеттік жобалар портфелін қалыптастыру5,8 млн тонна CO2– балама 2032 жылға қарай
Электр энергиясы өндірісінде ЖЭК және СЭС үлесі2032 жылға қарай 26%
«Жасыл» қаржыландыру
ISO 37001:2016 «парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» және ISO 37301:2021 «сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін сертификаттау
Ашықтық, транспаренттілік және сәйкестік

Қордың тұрақты даму саласындағы қағидаттары ашықтық, есептілік, этикалық мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жеке үлгі болып табылады.