Тұрақты даму саласындағы басым бағыттар

Біздің стратегиямыз

Қор өзінің стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізудегі ажырамас құраушы ретінде ESG қағидаттарына сүйене отырып, өзінің алдына тұрақты даму саласында мынадай міндеттер қояды:

  • Директорлар кеңесінің рөлін арттыру және олардың құрамдарын сапалы қалыптастыру арқылы корпоративтік басқаруды күшейту, тиісінше корпоративтік басқару қағидаттарында портфельдік компанияларды басқару, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу;
  • Мүдделі тараптарды тарту, есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жолымен ашықтықты, транспаренттілікті және комплаенсті қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің еңбек жағдайларын, қауіпсіздік шараларын және адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін басқа да әлеуметтік аспектілерді жақсарту арқылы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту. Қор қайырымдылық қызметті және корпоративтік демеушілікті жүзеге асыру, сондай-ақ корпоративтік еріктілікті ілгерілету арқылы елдің әлеуметтік дамуына үлес қосуды жалғастырады.
  • «Нөлдік толеранттылық» қағидаты бойынша Қор тобында жарақаттануды төмендетуді қамтамасыз ететін H&S озық тәжірибелерін енгізу, инновациялық және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, дербес қауіпсіздікті және апатсыз өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жетілдіру;
  • Кадрлық әлеуетті арттыру, жаңа салалардағы құзыреттілікті күшейту және үздік әлемдік тәжірибелерге негізделе отырып, қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру арқылы адами капиталды дамыту;
  • Отын-энергетика және су ресурстарын, жабдықтарды жаңғыртуды қоса алғанда, ресурстарды тиімді пайдалану, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқасында ресурсты үнемдеу;
  • 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізе отырып, төмен көміртекті дамуға баса назар аудара отырып, бизнес-модельдерді қайта қарау және технологиялық трансформацияның арқасында көміртексіздендіру.
  • «Жасыл» таксономияға сәйкес келетін жобаларды қаржыландыру арқылы «жасыл» қаржыландыру құралдарын дамыту, экологиялық және климаттық нысаналы көрсеткіштерге байланысты «жасыл» облигациялар шығару, «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі инновациялық жобалар үшін ҒЗТКЖ тетігін пайдалану.