Тұрақты даму мәселесін басқару құрылымы

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында Қор басқарудың күшті және айқын ішкі жүйесіне сүйенеді.

Барлық деңгейдегі барлық жұмыскерлер мен лауазымды адамдар тұрақты дамуға үлес қосады, жеке мінез-құлық және тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау арқылы тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс-шараларды енгізеді.

Директорлар кеңесі өзінің тұрақты комитеттерінің көмегімен ТД саласындағы қызметке стратегиялық басшылықты және қадағалауды қамтамасыз етеді, стратегиялық бағыттар бойынша мәселелер мен нәтижелерді қарайды, төмен көміртекті даму тұжырымдамасын, ESG саласындағы саясатты бекітеді.

2016 жылдан бастап Қор жыл сайын Есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (GRI) стандарттарына сәйкес тұрақты даму саласындағы есепті жариялайды. Есепті Қордың Директорлар кеңесінің Аудит комитеті қарайды және Директорлар кеңесі бекітеді.

Аудит комитеті Қордың заңнама талаптарын, этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ететін рәсімдерді бақылайды, қаржылық және қаржылық емес ақпарат пен есептіліктің сапасы мен дұрыстығына тәуекелдерді, оның ішінде ТД басқару мониторингін жүзеге асырады.

Экономикалық мәселелерді, сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін шешуге жауапты Қордың басшы жұмыскерлері Басқарма мүшелері.

2022 жылы Қорда ESG қағидаттарын енгізуге бағытталған құрылымдық өзгерістер болды. Жеке құрылымдық бөлімше – осы бағыттағы жұмысты үйлестіретін стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директордың басшылығымен ESG департаменті құрылды.

2019 жылдан бастап Басқарма жанындағы өз қызметін Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті және 2021 жылдан бастап Тұрақты даму комитеті жүзеге асырады, олардың мақсаты тұрақты даму саласындағы ПК қызметінің тиімділігін арттыру және үйлестіру. Бұдан басқа Басқарма жанында 2019 жылдан бастап Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті жұмыс істейді, ол өндірістік қауіпсіздік саласындағы іс-шаралардың орындалу барысын үйлестіреді және бақылайды. Комитеттердің қызметі тұрақты даму тәуекелдері мен мүмкіндіктерін орталықтандырылған басқаруға және Қордың тұрақты даму мәселелеріне тартылуының көрсеткіші және Қор компанияларының тобы үшін осы қызметтің стратегиялық маңыздылығын мойындауға мүмкіндік береді.

Келесі бағыттар бойынша 2022 жылдың нәтижелері:

Корпоративтік басқару
  • мемлекет қатысатын кәсіпорындардағы стандарттар жетекші листингтік биржалардың, ЭЫДҰ ережелерінің, International Finance Corporation (IFC), Institute of Directors (IoD) ұсынымдарының талаптарына барынша сәйкес келеді;
  • тәуелсіздік және дағдылар, тәжірибе, алуан түрлілік және инклюзивтілік элементтері, салалық ерекшеліктер бойынша теңгерімді сақтау бөлігінде ДК мүшелігіне іріктеу критерийлері арттырылды;
  • артық буындар алынып тасталды, Қор мен портфельдік компаниялардың өзара іс-қимылының бизнес-процестерін іске асырудың тиімділігін арттырудың, оңтайландырудың және жеделдетудің қосымша тетіктері жасалды;
  • Қор тобы бойынша ДК-дағы тәуелсіздік үлесі 43%-ға дейін жеткізілді;
  • Қордың тобы бойынша ДК-дағы әйелдердің үлесі 15%-ды құрады.
Ашықтық, транспаренттілік және комплаенс
  • тәуелсіз әл-ауқат қорларын басқарушылардың халықаралық тобына жіберілген Сантьяго («Santiago Principles»: The 24 Generally Accepted Principles and Practices for sovereign wealth funds) қағидаттарына сәйкестігі туралы Қордың өзін-өзі бағалауы бойынша есеп дайындалды;
  • ESG қағидаттары, оның ішінде жылдық есепте және тұрақты даму жөніндегі есепте ақпаратты ашу бойынша қағидаттар енгізілді;
  • Қордың компаниялар тобында 77 дербес комплаенс-қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-функцияларды орындау жүктелген 44 бөлімше жұмыс істейді.
Әлеуметтік жауапкершілік
  • «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бюджетінен қайырымдылыққа бөлінген жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 43 жоба жүзеге асырылды;
  • жалақысы төмен лауазымдар мен өндірістік персоналдың жалақысы 5-тен 48%-ға дейін көтерілді;
  • «Замандас» жобасы шеңберінде елорданың аз қамтылған отбасылары үшін тегін шығармашылық, спорттық және білім беру үйірмелері ұйымдастырылды;
  • «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері заманауи диагностикалық жабдықтармен және «дөңгелектегі операциялық» жабдықтармен жабдықталған, жыл бойы Қазақстанның бөлек ауылдық аймақтарында сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға тегін медициналық көмек көрсетті;
  • 2025 жылға қарай 401 мектеп салу бойынша «Жайлы мектептер» жобасын бастау.
Health & safety
  • өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейлі ішкі нормативтік құжаттар әзірленді (Саясат және Корпоративтік стандарт);
  • «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» корпоративтік курсы әзірленді, ол Ұлыбританияның Қауіпсіздік техникасы IOSH және Денсаулықты қорғау институтының мақұлдауын алды;
  • портфельдік компаниялардың қызметіне мінез-құлық аудиттері/қауіпсіздік диалогтары сияқты жазатайым оқиғалардың алдын алудың проактивті құралдарын қолдану тәжірибесі енгізілді; қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, Near Miss ықтимал қауіпті оқиғаларды анықтау, тіркеу және тергеу; жұмыскерлердің қауіпті жұмыс түрлерін тоқтату немесе одан бас тарту құқығын қолдану;
  • портфельдік компаниялар сарапшыларының қатысуымен ЕТҰ-ның жанама аудиттері жүргізілген, олардың барысында есептелмейтін жағдайларға әлеуетті алғышарттар болып табылатын 600-ден астам сәйкессіздіктер анықталған;
  • өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің саны 16%-ға төмендеді;
  • LTIF коэффициенті 0,16 құрады;
  • өлім-жітім жағдайларының коэффициенті (Fatal Accident Rate) 11%-ға төмендеді.
Адам капиталы
  • Қордың жаңа Кадр саясаты қабылданды;
  • кадрлардың айналымы 8%-ды құрады;
  • өндірістік персоналдың үлесі 93%-ды құрады;
  • әйелдердің үлесі – 28%;
  • бірыңғай рекрутингтік онлайн рекрутинг порталындағы ізденушілер саны qsamruk.kz. 60%-ға өсті;
  • сыртқы кандидаттар арқылы жабылған бос жұмыс орындарының саны qsamruk.kz 2022 жылы 7 249 (2021 жылы 1 795).
Ресурсты үнемдеу
  • Электр энергиясын өндірудегі ЖЭК және ГЭС үлесі 6%;
  • Ресурсты және энергияны үнемдеу бағдарламасы бекітілді; 
  • Қор «KEGOC» АҚ мысалында Smart Grid технологиясының элементтерін іске асыра бастады;
  • Түркістан қаласында маневрленген бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылысы басталды;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ПК 2027 жылға дейін жалпы белгіленген қуаты шамамен 2,3 ГВт қосымша ЖЭК (ГЭС-ті қоса алғанда) енгізу жоспарлануда;
  • 2026 жылдан бастап қуаты 1 ГВт ЖЭС пайдалануға беру көзделген (2025 жылы – 100, 2026 жылы – 100 мВт, 2027 жылы – + 300 мВт).
  • АХҚО юрисдикциясында «Жасыл» активтерді (ЖЭК, СЭС) басқару үшін Qazaq Green Power PLC компаниясы тіркелген.
Көміртексіздендіру
  • төмен көміртекті бизнес-модельге көшу жөніндегі жоспарды қоса алғанда, Қорды төмен көміртекті дамыту тұжырымдамасы бекітілді;
  • төрт бағыт бойынша 53 іс-шараны қамтитын төмен көміртекті бизнес-модельге көшу жөніндегі жоспар бекітілді;
  • 9 портфельдік компанияда төмен көміртекті дамытудың жеке бағдарламалары бекітілген.
«Жасыл» қаржыландыру
  • «Самұрық-Энерго» АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Astana International Exchange қор биржасында жылдық 11,4% купондық мөлшерлемемен және 6,5 жыл айналыс мерзімімен 18,4 млрд теңге көлемінде жария жазылу жолымен жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды;
  • «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ жаңартылатын энергияның халықаралық сертификаттарын сатып алды;
  • «БЖЭС» ЖШС офсет ретінде 136 мың тонна CO2 - баламада тіркеді;
  • тіркеу сатысында «Энергия Жетісу» ЖШС-ның офсеттік жобалары 180 мың тонна CO2- баламада және «Samruk-Green Energy» ЖШС – 17 мың тонна CO2- баламада;
  • «KEGOC» АҚ- ның «Жасыл» облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 16,1 млрд теңге, маржасы 3% сәтті орналастырды.