Ішкі аудит қызметі

Қорда Қордың Директорлар кеңесіне бағынатын және есеп беретін және Қордың Директорлар кеңесінің Аудит комитеті жетекшілік ететін тәуелсіз Ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің құрамын, жұмыскерлердің сыйақы мөлшерін айқындайды, ішкі аудит саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жылдық аудиторлық жоспарды және бюджетті бекітеді.

Қызмет өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Қор органдарының шешімдерін, Ережені, Қордың Директорлар кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарды және Қордың Ішкі аудит қызметінің жұмысын регламенттейтін басқа да ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Ішкі аудит қызметі жұмысының негізгі мақсаты Қордың Директорлар кеңесіне Қордағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру.

2022 жылы Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспары жыл бойы жоспардан тыс тексерулерді ескере отырып, 106%-ға орындалды. Тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметі ұсыныстар, оның ішінде ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйелерін, қызметті жүргізу процестерін, қағидаттары мен әдістерін жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Берілген ұсынымдардың орындалуы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат Қордың Директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы негізде ұсынылды. Консультациялық жұмыстар шеңберінде Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері қосымша Қордың жекелеген еншілес компанияларының синергетикалық аудиттеріне қатысты, сондай-ақ Қордың жекелеген өкілдеріне Компаниялардың директорлар кеңестерінде консультациялық жұмыс көрсетілді.

2022 жылы ішкі аудиторлардың тәуелсіздігіне немесе жеке объективтілігіне теріс әсер ететін фактілер тіркелмеген. Тоқсан сайынғы негізде Ішкі аудит қызметінің есептері Аудит комитеті мен Қордың Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралып, талқыланды.