Комплаенс қызмет

Комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ ашықтық пен адалдық негізінде ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың үздік халықаралық практикаларына және ішкі құжаттарына сәйкес бизнес жүргізуді қамтамасыз ететін Қордың құрылымдық бөлімшесі.

Қызмет портфельдік компаниялардың комплаенс қызметтерімен жалпы үйлестіруді және өзара іс-қимылды, оның ішінде орталықтандырылған комплаенс бақылауларды әзірлеу, Қор тобы компанияларының комплаенс қызметтерінің мерзімді есептерін қарау, қолданыстағы комплаенс тәуекелдері туралы шоғырландырылған есептерді дайындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқыту және комплаенс саласындағы басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсынымдар беру бойынша жүзеге асырады.

Комплаенс қызметі өз қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, Мінез-құлық кодексін және Қордың өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Комплаенс қызметі:

  • Жедел желіге келіп түскен 855 өтініш қаралды;
  • қаралған материалдар бойынша қорытынды берілді, оның ішінде Қордың Директорлар кеңесіне шығарылатын материалдар мен Қор Басқармасына шығарылатын материалдар бойынша.
  • 380 үміткердің сенімділігі тексерілді, оның ішінде:
    • 128 портфельдік компаниялардың ДК/БК кандидаттары бойынша директор ретінде сайлау үшін олардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі бөлігінде;
    • 252 кандидаттарды жұмысқа қабылдауға кедергі келтіретін мән-жайлардың болуы тұрғысынан Қорда бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттар бойынша.

2022 жылы әдіснаманы дамыту шеңберінде:

  • Қор Басқармасының шешімімен Қордың портфельдік компанияларында тиімді комплаенс жүйелері мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру үшін әдіснамалық негізді айқындайтын «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы комплаенс функциясы бойынша Корпоративтік стандарт әзірленді және бекітілді;
  • іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін контрагенттерге тексеру жүргізу тәртібін регламенттейтін құжаттар бекітілген.

Есептік кезеңде қызмет қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша Қорды кейіннен сертификаттау үшін Іс-шаралар жоспары әзірленді.

Процестерді автоматтандыру шеңберінде үшінші тұлғалардың сенімділігін, оның ішінде Қор және компаниялар тобының жұмыскерлерімен үлестестігі тұрғысынан кешенді тексерудің ақпараттық жүйесі әзірленді және енгізілді.

2022 жылы комплаенс функциясының жетілуін бағалау моделі әзірленді және «Самұрық-Қазына» АҚ жекелеген портфельдік компанияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерінің жетілуін бағалау жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қор тобының компанияларындағы қызметтің ашықтығын арттыру шеңберінде 2023 жылға арналған комплаенстерді дамытудың стратегиялық бағыттары:

  1. Үздік халықаралық практикаға сәйкес комплаенс функциясын, оның ішінде санкциялық, листингтік, ESG және комплаенстердің өзге де түрлері сияқты бағыттарды дамытуды қамтамасыз ету.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» және ISO 37301:2021 «Сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау.
  3. Компаниялар тобы деңгейінде комплаенс бағдарламасының жекелеген элементтерін автоматтандыру.

Бекітілген жоспарларға сәйкес, үшінші тараптардың сенімділігін тексеру, бастамашылық ақпараттандыру, мүдделер қақтығыстарын анықтау және реттеу және т.б. сияқты комплаенс бағдарламасының жекелеген элементтерін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған жүйе Қор тобы компанияларының комплаенс саласындағы мамандарына қойылған міндеттерді неғұрлым тиімді іске асыруға, сондай-ақ орталықтандырылған бақылауды жүзеге асыруға және қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді.