Қоғамдық кеңес

Қордың қоғамдық кеңесі азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігі мен ашықтығын арттыру мақсатында қор құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

Қордың қоғамдық кеңесі туралы ереже ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №828 қаулысымен бекітілген.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 170-П бұйрығымен Қордың Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді: 10 адам, оның ішінде Қордың 3 өкілі, азаматтық қоғамның 7 өкілі.

Азаматтық қоғамның өкілдері:

Қоғамдық Кеңестің төрағасы:

Болат Бидахметұлы Жәмішев

Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелері:

  • Ольга Александровна Булавкина – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;
  • Ерлан Бияхметұлы Саиров – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Ләззат Олжабайқызы Жүнісова – «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
  • Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев  – ESG Ұлттық клубының төрағасы;
  • Алуа Серікқызы Жолдыбалина – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары;
  • Тәжибаева Ирина Лашкаровна – ҚР Ұлттық Ядролық Орталығының Атом энергиясы институты директорының орынбасары.

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері:

  • Нәзира Нұртөлеуқызы Нұрбаева – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
  • Николай Юрьевич Казутин – Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
  • Ернар Бейсенұлы Жанәділ – Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Болат Бидахметұлы Жәмішев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Bank RBK» Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Әр жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Ішкі істер вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Ольга Александровна Булавкина

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.

Еңбек қызметі:

Мемлекеттік қызметке кіргенге дейін білім беру, жеке кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 2002-2014 ж.ж. ШҚО Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының экономисті, бухгалтері, бөлім бастығы, ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 ж.ж. «Нұр-Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары, 2016-2019 ж.ж. ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2020 ж.ж. ШҚО Бородулиха ауданының әкімі лауазымдарын атқарған. 2020 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Ерлан Бияхметұлы Саиров

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Еңбек қызметі:

Қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Саяси модельдеу және ақпараттық технологиялар бойынша 30 ғылыми мақаланың, 3 кітаптың авторы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі.

Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев

ESG Ұлттық клубының төрағасы

Еңбек қызметі:

Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ҚР Ұлттық Банкінде, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының ЭКСПО-2008, ЭКСПО-2010, ЭКСПО-2012, ЭКСПО-2015 көрмелерінде бас комиссар болды.

Ирина Лашкаровна Тажибаеваа

Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры

Еңбек қызметі:

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми қызмет ядролық және термоядролық энергетиканың қауіпсіздігі, бөлу және синтез реакторларының құрылымдық және функционалдық материалдары, атом энергетикасын пайдалану объектілерін пайдаланудан шығару, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы НҚА жобаларын әзірлеумен байланысты. Қазір Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы (ЯТҚ ҒТО) қауымдастығы нысанындағы ЗТБ атқарушы директоры, «Қазақстанның ядролық қоғамы» (ҚЯҚ) Басқармасының төрағасы, ҚР ҰЯО АЭИ филиалының бас ғылыми қызметкері. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ–станның МАГАТЭ-ның Термоядролық энергия жөніндегі ғылыми кеңесінде ресми өкілі, НАТО-ның «Бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы ғылым» ғылыми комитетінде Қазақстанның сарапшысы, МАГАТЭ-ның жылдам реакторлар жөніндегі жұмыс тобында Қазақстанның өкілі болған. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2017 жылғы «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты – «Ғылым қайраткері» номинациясы бойынша «Қазақстандағы жыл адамы».

Алуа Серікқызы Жолдыбалина

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

Еңбек қызметі:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. «Саясаттану» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) мүшесі. «Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) мүшесі. Ph.D доктор, саясаттану магистрі.

Ләззат Олжабайқызы Жүнісова

«Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Еңбек қызметі:

Әр жылдары қаржы директоры, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, «Еуразия+ОРТ» ЖШС бас директоры, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

Нәзира Нұртөлеуқызы Нұрбаева

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 1998 жылы PriceWaterhouse филиалында бастаған. 2002 жылдан 2003 жылға дейін салық қызметтері бойынша аға кеңесші қызметін атқарды. 2003 жылдан 2004 жылға дейін LUKOIL Overseas Services, Ltd компаниясының аға салық кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2004-2014 жылдар аралығында «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС аға менеджері болып жұмыс істеді. 2014 жылдан 2020 жылға дейін «PriceWaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін Deloitte TCF ЖШС-да серіктес болып жұмыс істеді. 2021 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды.

Ернар Бейсенұлы Жанәділ

Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Еңбек қызметі:

Ернар Бейсенұлы әр жылдары Philip Morris Kazakhstan, «ЭлитСтрой» ЖШС, PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» АҚ-ға келгеннен кейін Ішкі аудит қызметінің жұмысына жауапты болды, сондай-ақ Қордың Директорлар кеңесі жанындағы Аудит комитеті мен Трансформацияны бақылау комитеті хатшысының міндеттерін атқарды және Қордың бірқатар еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі жанындағы Аудит комитеттерінің мүшесі болды. 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы бақылаушысы лауазымына тағайындалып, кейіннен Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі – Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директор лауазымына бекітілді. Кейін Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі болып тағайындалды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі.

Николай Юрьевич Казутин

Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Еңбек қызметі:

Николай Юрьевич өзінің еңбек жолын 2001 жылы бастады және 2005 жылға дейін сақтандыру компанияларында қаржылық талдаушы болып жұмыс істеді. 2006-2016 жылдар аралығында «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС-да жұмыс істеді. 2016 жылдан 2020 жылға дейін «Көкшетау минералды сулары» АҚ және «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің директоры және Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы ақпаннан бастап Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор лауазымында.

Отырыстарға Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелерінен басқа сыртқы сарапшылар (230 қатысушы) тартылды – олар пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, салалық сарапшылар, мәселелерді жан-жақты және сараптамалық қарау үшін қауымдастықтар мен ҮЕҰ өкілдері. 118 ұсыныс берілді, бүгінгі таңда оның 70-і орындалды, 37-сі (оның ішінде тұрақты негізде) жұмыс істеуде, 7-сі негізделген себептермен орындалмаған.

Қордың Қоғамдық кеңесінің әрбір отырысы өзінің ақпараттық ресурстарымен (сайт, жеделхат Қор арнасы) жария етіледі, сондай-ақ отырысқа барлық аккредиттелген БАҚ қатысады, оқиғалар интернет басылымдарында да, теледидарда да жария етіледі.

Қордың Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып ұсынылған және Қордың ресми сайтында орналастырылған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, әлеуметтік-еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дамыту (оның ішінде қайырымдылық мәселелері), ұлттық компаниялардың қоғамдық бақылауы, ESG мәселелері бойынша мәселелерді қарау, сондай-ақ Қордың өз қызметінің қорытындылары бойынша есепті тыңдау жоспарлануда.

2022 жылы 13 отырыс өткізілді, оның ішінде:
2022 жылдың қорытындысы бойынша 118 ұсыныс берілді, оның ішінде: