Адам құқықтарын құрметтеу және этикалық мінез-құлық

Қазақстан Республикасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтары болып табылатын құқықтық мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.

Біз Ұлттық әл-ауқат қоры ретінде адамның негізгі құқықтарын қатаң құрметтейміз. Біз барлығына тең құқықтар берудің сөзсіз маңыздылығын мойындаймыз.

2017 жылы Директорлар кеңесі бекіткен біздің Мінез-құлық кодексіміз қандай да бір негізде кемсітушілік пен қысымға тыйым салады. Кодекс барлық жұмыскерлердің лауазымына қарамастан жалпы мінез-құлық нормаларын белгілейді және Қордағы жұмыстың негізгі құндылықтары мен этикалық принциптерін көрсетеді. Кодекс Қор жұмыскерлеріне, Қордың лауазымды тұлғалары мен директорларына ғана емес, сонымен қатар Қор тобына кіретін компанияларға да қолданылады. Қормен жұмыс істейтін немесе Қорды ұсынатын іскер серіктестерге, жеткізушілерге және басқа да үшінші тұлғаларға осы Кодекстің ережелерін ұстану ұсынылған.

Жылдан жылға біздің негізгі Адам құқықтары жөніндегі ұстанымымыз мызғымас және өзгеріссіз қала береді: біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, мәжбүрлі еңбекпен айналыспаймыз, нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық жұмысшылар мен контрагенттердің тең құқықтарын мойындаймыз. Алайда, біз олардың жалпы қоғам үшін айрықша маңыздылығын түсінеміз, сондықтан жоғарыда аталған аспектілерді Қор үшін маңызды деп танимыз.

Кодекспен танысу барлық жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. Мінез-құлық кодексі мүдделі тараптар үшін біздің ресми сайтта үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.