Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Біз кез келген көріністерде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік принципін ұстанамыз. Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар:

  • Мінез-құлық кодексі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
  • Бастамашылық ақпараттандыру саясаты болып табылады.

2021 жылы Директорлар кеңесі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты сыбайлас жемқорлыққа, сыйлықтар беруге және қабылдауға, алаяқтыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысты принциптерді қамтиды. GRI 2-23

Осы саясаттың негізгі принциптерінің бірі – «Жоғары басшылықтың міндеттемесі және «жоғарыдан тонды» (Tone at the Top) орнату болып табылады. Компанияның Қор тобының бірінші басшысы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауап береді. Бұл өзгерістер Қор компанияларының бүкіл тобында бекітілген. GRI 3-3

Біздің саясатымызға сәйкес, Қор, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өз қызметінде артықшылық алу немесе сақтау мақсатында саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыруды жүзеге асырмайды. Сондай-ақ Қор өз қызметінде артықшылық алу немесе сақтау мақсатында қайырымдылық және демеушілік жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырмайды. Саясат Қордың корпоративтік сайтында барлық жұмыскерлерге, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарға толық қолжетімділік беру үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған.