Тұрақты дамудың қағидаттары мен мақсаттары

Адами капиталды дамыту
  • Адам ресурстарын құру, жаңа бағыттар бойынша құзыретті нығайту
H&S озық тәжірибелері
  • «Нөлдік жарақатқа» ұмтылу және LTIF 0,14 жетістігі (2023 жыл)
  • Қауіпсіздік мәдениеті бойынша 100 % өндірістік персоналды оқыту (2023 жыл)
Корпоративтік басқарма
  • ESG-рейтингі Қор топтары(2032 жылға 70 перцентиль)
  • Қор компанияларының басшы органдарындағы әйелдердің үлесін арттыру 2030 жылға 30 %
  • Қордың ДК және ПК құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі 50 % деңгейінде қолдау
есурс үнемдеу
  • Өндірістік қызметтің энергия сыйымдылығын төмендету (2027 жылға -10 %)
КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУ
  • Парниктік газдардың тікелей және жанама лақтырындыларын азайту (1-қамту және 2-қамту)≥ 2032 жылға ≥ [-10 %]
  • Электр энергиясын сатып алуда төменгі көміртекті генерацияның үлесін арттыру2032 жылға 45 %
«Жасыл» қаржыландыру
  • Офсеттік жобалар портфелін қалыптастыру  (2023 жылға 5,8 млн тонна CO2-балама)
  • Электр энергиясын өндірудегі ЖЭК және СЭС үлесі2032 жылға 26 %
Ашықтық, транспаренттілік және комплаенс
  • ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» және ISO 37301:2021 «Сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін сертификаттау
  • Қор компанияларының басқару органдарындағы әйелдер үлесін ұлғайту

Тұрақты дамудың қағидаттары мен мақсаттары

Біздің тұрақты дамуға деген көзқарасымыз берік іргетасқа негізделген, бұл біздің қызметіміз құрылатын негіздер мен құндылықтар. Олар біздің мақсаттарымызға жетуде бізді қолдайды.

Адам құқықтарын сақтау

Этикалық мінез-құлық

Ашықтық

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Айқындық

Мүдделер қақтығысына жол бермеу

Есеп беру

Жеке мысал

Қор және біздің портфельдік компаниялар Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ ТДМ) қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарына, БҰҰ Жаһандық шартының принциптеріне, БҰҰ-ның жауапты инвестициялау принциптеріне, экватор принциптеріне бейілділікпен бөліседі.

Стратегиялық жоспарлау деңгейінде Қор стратегияның, мақсаттар мен міндеттердің тұрақты даму саласындағы жалпы мақсаттармен, соның ішінде БҰҰ ТДМ-да, сондай-ақ климат жөніндегі Париж келісімінде көрсетілген мақсаттармен және тиісті ұлттық және аймақтық мақсаттармен шектелмей үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар Қордың Даму стратегиясын (Даму жоспарын) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына енгізіледі. БҰҰ ТДМ-ның міндеттемесі, Қордың стратегиялық мақсаттары және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу саласындағы іс-шаралар туралы толығырақ – 1-қосымша.

Қор мен портфельдік компаниялар үшін ESG мақсаттарының сапалық және сандық көрсеткіштері қормен белгіленді.