БІЗДІҢ АДАМДАР

Әлеуметтік-еңбек қатынастары

Жұмыскерлердің сөзсіз құқығы бірлестіктердің бостандығы, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы. Біз әлеуметтік жауапты компания ретінде осы құқықты толығымен қолдаймыз және осы институционалдық құрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасаймыз. GRI 407-1

Кәсіподақтар диалог алаңының жақсы үлгісі болып табылады, бұл әлемдік тәжірибемен расталады. 2022 жылдың соңында біздің 38 портфельдік компанияда ұжымдық шарттарға қол қойылды (2021 жылы – 37). GRI 2-24, GRI 407-1, GRI 2-30

Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы (бұдан әрі – ӘӨІҚКО) – Қор компаниялары тобында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту алаңы. 2021 жылдан бастап дағдарыстық жағдайлар туындаған жағдайда Қор бөлімшелері мен портфельдік компаниялардың және дағдарысқа қарсы іс-шаралар ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіруге арналған Қордың жедел штабы жұмыс істейді. Есепті кезеңде жедел штабтың 7 отырыс өткізілді.

Біз еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргіземіз. Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек дауларының алдын алу және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілуде. ӘӨІҚКО жанында 4 байланыс арнасы (электрондық пошта, телефон, Whatsapp мессенджері, веб-сайт) бойынша еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің туындау алғышарттары немесе фактілері туралы жедел деректерді жинауды және талдауды 24/7 режимінде жүзеге асыратын Әлеуметтік тұрақтылық мониторингі орталығы жұмыс істейді. 2022 жылы «Нысан» колл-орталығының жедел желісі арқылы 23 мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша – 1 037. 86 ереуіл тіркелді, оның 78-і Маңғыстау облысына тиесілі, оның ішінде мұнай-газ секторының мердігерлік ұйымдары тарапынан 30 ереуіл.

Әлеуметтік тұрақтылықтың интерактивті картасы енгізілді, ол арқылы нақты уақыт режимінде Қор компаниялары тобының кәсіпорындарындағы жағдай бақыланады (12 портфельдік компанияның периметрі бойынша 230 мыңнан астам адам).

2013 жылдан бастап Қордың компаниялар тобында Samruk Research Services әлеуметтік тұрақтылық деңгейіне зерттеу жүргізілуде, бұл бүкіл Қазақстан бойынша өндірістік ұжымдардың әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы проблемалық аймақтарды диагностикалауға және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Ол компаниялардың барлық дерлік жұмыскерлерін қамтиды.

Қор компаниялары тобындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша қанағаттанарлық – SRS жалпы көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 3 %-ға төмендеп 70 %-ды құрады (97 мыңнан астам респондентті қамту). Зерттеу смс-тарату (онлайн сауалнама) және телефон арқылы сауалнама арқылы жүргізілді.

Бес жылдан астам уақыт бойы Қордың Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі кешенді білім беру жобасы жаңа формациядағы кәсіби кәсіподақ жұмыскерлерін тәрбиелеп келеді. Оқу бағдарламасында қақтығыстарды басқару, медиация, тиімді қарым-қатынас психологиясы, ұжымдық шартты қалыптастыру сияқты әдістерге ерекше назар аударылады. Кәсіподақ құру мен ұжымдық шартты қалыптастырудың қадамдық алгоритміне  көңіл бөлінеді. Белсенділер мектебінде тыңдаушыларға олардың салдарымен күресудің орнына даулардың алдын алуға үйретіледі. Мектеп бағдарламасы еңбек құқығы, ұжымдық келіссөздер жүргізу және кәсіподақ ұйымдастыру сияқты бүгінгі таңда сұранысқа ие дағдыларды оқытуды қамтиды. GRI 407-1

2022 жылдың наурыз айында біз «Медиаторлар пулы» жобасын іске қостық. Астана және Алматы қалаларында Қор тобының түрлі портфельдік компанияларының 102 жұмыскері оқудан өтті. Аталған жобаның мақсаты – жанжалдарды уақтылы анықтау және шешу үшін Қор тобының әрбір компаниясында сертификатталған медиатордың болуы. 2018 жылдан 2021 жылға дейін әлеуметтік-еңбек қатынастары орталығы бүкіл Қазақстан бойынша Қор тобы компанияларының 300-ден астам кәсіподақ жұмыскерлерді оқытты. Тағы 80 кәсіподақ көшбасшысын оқыту 2022 жылдың 19 тамызында аяқталды. GRI 407-1, GRI 2-24

Тағы бір бағыт – Қордың компаниялар тобында IR (Industrial relations – өндірістік қатынастар) әдістерін енгізу, бұл өндірістегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылы Қор компаниялары тобында IR дамуын бірыңғай тәсілдерді және орталықтандырылған реттеуді қамтамасыз ету үшін корпоративтік стандарт бекітілді, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі, ішкі коммуникацияларды дамыту, кері байланыс мәдениеті және жұмыс орнындағы қысымның алдын алу, IR тарихы мен ESG күн тәртібімен және Тұрақты даму мақсаттарымен өзара байланысы туралы оқыту жүргізілді.

Қабылданған шаралардың арқасында туындайтын еңбек даулары медиация әдістерін қолдана отырып, Қор компаниялары тобының жергілікті кәсіподақ ұйымдарын тарта отырып және сот органдарына жүгіну арқылы құқықтық өріс аясында шешіледі.