БІЗДІҢ АДАМДАР

Персоналдың құрылымы

Біздің жұмыскерлер басты құндылығымыз және басты ресурсымыз. Олардың кәсібилігі мен қауіпсіздік деңгейі біздің қызметіміздің нәтижелеріне және инвесторлар үшін құндылығымызға тікелей әсер етеді. Біз еңбек нарығында кәсіби кандидаттарды ашық және айқын тәсілмен тартамыз, жұмыскерлеріміздің кәсібилігін дамыту үшін бағдарламалар әзірлейміз, меритократия қағидатына сәйкес жұмыскерлерді оқытумен, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеміз.

Адам ресурстарын басқару саласында біз қазақстандық және халықаралық құқық нормаларын ұстанамыз. Біз білікті кадрларды тартуға және ынталандыруға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және персоналды басқарудың озық технологияларын енгізуге бағытталған Кадр саясатын бекіттік.

Адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біз HR-процестерге қағидаттарды, тәсілдер мен талаптарды айқындайтын және Қор тобында үздік HR-тәжірибелерді енгізуге ықпал ететін корпоративтік стандартты үнемі өзектендіреміз. GRI 2-24  

Адам ресурстарын басқару қағидаттары бірқатар қағидалармен реттеледі, мысалы, Еңбекақы төлеу және жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау қағидалары және т. б. GRI 3-3

Қор тобы жұмыскерлерінің тізімдік саны 2022 жылы 259 055 адамды құрайды (2021 жылы 258 044). Есепті кезеңдер арасында жұмыскерлер санының айтарлықтай ауытқуы анықталған жоқ. GRI 2-7

Біздің өндірістік қызметіміздің ерекшелігіне байланысты ерлердің үлесі үлесі дәстүрлі түрде 72 %-ды, ал әйелдер 28 %-ды құрайды (259 055 адамның ішінен). GRI 2-7 Әкімшілік-басқару персоналының үлесі – 7 % (оның ішінде әйелдердің үлесі 58 %), 93 % – өндірістік персонал (оның ішінде әйелдердің үлесі 25 %). Басшы және басқарушы жұмыскерлердің үлесі – 5 % (оның ішінде әйелдердің үлесі 40 %).

Жоғары басшылықта әйелдердің үлесі: Қордың компаниялар тобының басқармаларында – 15 %, бақылау және қамқоршылық кеңестерде, сондай-ақ Қор компанияларының Директорлар кеңестерінде – 14 %. GRI 405-1

Біз портфельдік компаниялардың басқарушы органдарындағы әйелдердің үлесін арттыру бойынша жұмыс істейміз: портфельдік компаниялардың Директорлар кеңесі мен атқарушы органдарының құрамындағы әйелдердің үлесін 2030 жылға дейін 30 %-ға дейін (2022 жылы 15 %) кезең-кезеңмен арттыру жоспары әзірленді. 2023 жылдың желтоқсанына қарай Қордың барлық компаниялар тобы бойынша басқармалардағы, Директорлар кеңестеріндегі және бақылау кеңестеріндегі әйелдердің орташа үлесі 20 %-ға, 2030 жылға қарай – 30 %-ға жетуі тиіс. Бұл жоспарлар гендерлік теңдіктің әлемдік трендіне толығымен сәйкес келеді.

Өткен жылы Қор басшылығына айтарлықтай өзгерістер енгізілді, оның ішінде топ-менеджерлердің санын азайту және бес басқарушы директордың үшеуін ауыстыру. Бұл өзгерістер 12 ірі компанияның 8-нің басшылығына да әсер етті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша кадрлардың ауысу коэффициенті 8 %-ды (2021 жылы 12 %) құрады, бұл Қордың Басқарма Төрағасы 2022 жылға бекіткен  (№ 9-р) Қор тобындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының (14 %) 25-тармағына сәйкес кадрлардың ауысу көрсеткіші шегінде.