Тұрақты даму

2018 жылы Қордың Жалғыз акционері Қордың 2028 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын бекітті. Ол Корпоративтік басқару мен тұрақты дамуды Қордың алдағы он жылға арналған үш стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде айқындайды. Осы стратегиялық мақсаттың аясында біз корпоративтік басқару және тұрақты даму саласындағы жоғары деңгейге қол жеткізуді, Қор мен қоржындық компаниялардағы корпоративтік басқару деңгейін арттыруды, кадрлық әлеуетті өсіруді және меритократия қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жаңа стратегия шеңберінде демеушілік бастамалар, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы Қор айқындаған бастамаларды жүзеге асыру қарастырылған. Қор «жасыл экономика» қағидаттарын ұстануды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі шаралар мен көрсеткіштер Тұжырымдамасын іске асырады.

Осы стратегиялық мақсатты іске асыру нәтижелері бойынша тұрақты даму, еңбекті, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау, экономикалық көрсеткіштер мен қаржылық тұрақтылықты жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, корпоративтік басқару рейтингін және әлеуметтік тұрақтылық рейтингін жақсарту саласындағы жақсартылған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін құру күтілуде.

Стратегиялық мақсат - тұрақты даму, компания тиімділігі, қоржынды басқару.

target Тұрақты даму саласындағы мақсаттар
target Маңыздылықты талдау
target Мүдделі тараптармен әрекеттесу
target Тұрақты даму саласындағы бастамалар

Тұрақты даму саласындағы мақсаттар

Қор БҰҰ тұрақты даму жөніндегі мақсаттарын қолдайды

2016 жылдың 1 қаңтарында әлем 2030 жылға дейінгі кезеңнің тұрақты даму саласындағы 17 мақсатқа негізделген белсенді түрлену жоспарын, келесі он бес жыл ішінде кезек күттірмейтін жаһандық мәселелерді шешу үшін күн тәртібін іске асыруды ресми түрде бастады.

Тұрақты даму саласындағы 17 мақсат пен 169 тапсырма (ТДМ) барлығына арналған адам құқықтарын іске асыруға бағытталған, олар кешенді және бөлінбейтін сипатқа ие және тұрақты дамудың келесі үш компонентінің теңгерімділігін қамтамасыз етеді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл мақсаттар мен тапсырмалар ұлттық алдағы 15 жыл ішінде адамзат пен планета үшін маңызы үлкен салалардағы ұлттық үкіметтердің әрекеттерін ынталандыратын болады. Олардың ішінен біз Қор Тобының қызметі үшін стратегиялық басымдыққа ие тоғыз мақсатты таңдап алдық, оларға қол жеткізуге ол негізгі қызметі барысында ықпал етеді. Ағымдағы қызметке сонымен қатар БҰҰ тұрақты даму саласындағы басқа да мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін тапсырмалар интеграцияланған.

Жақсы денсаулық және амандық
Сапалы білім беру
Гендерлік теңдік
Лайықты жұмыс пен экономикалық өсім
Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым
Теңсіздікті азайту
Климаттың өзгеруімен күресу
Тұрақты қалалар мен елді мекендер
Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік

Маңыздылықты талдау

Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін түсіну және Қор үшін тұрақты даму нені білдіретінін анықтау үшін біз маңыздылық талдауын жасадық.

Бірінші кезеңде Қор қызметімен байланысты тұрақты дамудың аспектілерінің тізімі және олардың әсерін анықтау ұсынылды.

Маңызды аспектілерді анықтау үшін сауалнама нәтижелері мен барлық мүдделі тараптармен жүргізілген талқылаулардың нәтижелері бойынша біз Қор мен мүдделі тараптар үшін маңызды болып табылатын тұрақтылыққа қатысты 17 тақырыпты анықтадық.

Тұрақты даму жолындағы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді жан-жақты қарастыра отырып, Қор барлық мүдделі тараптармен интерактивті диалог құруға және қосымша құндылықты ұлғайтуға тырысады.

Экономикалық тақырыптар:

  • Негізгі қаржылық көрсеткіштер
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
  • Жұмыс орнындағы денсаулық және қауіпсіздік
  • Әлеуметтік-жауапты сатып алулар

Экологиялық тақырыптар:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкестік

Әлеуметтік тақырыптар:

  • Кемсітуді болдырмау
  • Адам құқықтары
  • Әлеуметтік жауапкершілік
  • Жұмыс орнындағы денсаулық және қауіпсіздік
  • Жұмыспен қамту
  • Ашықтық және қоғаммен байланыс
  • Персоналды іріктеу және жұмысқа орналастыру
  • Жұмыскерлер мен басшылықтың өзара әрекеттесуі
  • Корпоративтік мәдениет
  • Сыйақы және бағалау
  • Дайындау және білім
  • Ассоциация бостандығы және ұжымдық келісімдерді жүргізу

Мүдделі тараптармен әрекеттесу

Қордың мүдделі тараптармен өзара іскерлесу жүйесі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін үйлестіруге бағытталған. Стейкхолдерлермен өзара іскерлесу мүдделерді құрметтеу және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген.

Қор мүдделі тараптар үшін сенімді әріптес болуда өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді. Біз стейкхолдерлермен өзара сыйластық және әріптестік, ақпараттық ашықтық, өзара іскерлесудің жүйелілігі және өзімізге жүктелген міндеттерді адал орындау қағидаларына негізделетін сұхбат жүргіземіз және қарым-қатынас құрамыз.

Қор мүдделі тараптарды тартудың АА 1000 SES сәйкес стандартты процесін пайдаланады:

  • Мүдделі тараптарды тану
  • Мүдделі тараптардың басымдылығын анықтау
  • Мүдделі тараптармен іскерлесуді жоспарлау
  • Мүдделі тараптармен іскерлесу
  • Тиімділік және бағалау бойынша есептілік

Стейкхолдерлермен іскерлесудің қағидаттары

  • Есептілік
  • Басқарудың қажетті функциялары
  • Мүдделі тараптарды тарту
  • Дауларды реттеу процедуралары
  • Ақпаратты ашу
  • Мүдделі тараптармен Кеңесу
  • Мүдделі тараптарды тану және талдау
  • Келіссөздер және әріптестік

Тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асыру тәсілдері

  • Тиімді корпоративтік басқару және жетік тәуекел мәдениеті Жаңа корпоративтік басқару Кодексін және тұрақты дамудың тәуекелге бағытталған әдісін қабылдаумен қол жеткізіледі
  • Қаржылық тұрақтылық Даму жоспарларында белгіленген дамудың басым міндеттерін орындаумен қамтамасыз етіледі
  • Адами әлеуетті дамыту Үш негізгі құрам бөлігі: қызметкерлерді басқару саласындағы іскери әріптестік, қызметкерлерді басқару бойынша сараптама орталығы және қызметкерлерді басқарудың жалпы қызметі бар қызметкерлерді басқарудың жаңа жүйесін іске қосумен қамтамасыз етіледі
  • Жоғары этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлықпен күрес Мінез-құлық Кодексін жүзеге асырумен және талаптарды орындау функциясын жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі
  • Жауапты сатып алулар Сатып алулардың жаңа әдістерін, соның ішінде сатып алулардың санаттық басқаруын енгізу және әлеуетті жеткізушілерді алдын ала біліктеу жүйесін іске қосумен және сатып алулар процессінің ашықтығын арттыру жолымен қамтамасыз етіледі
  • Жақсы бедел және ашықтықтың жоғары деңгейі Коммуникациялық жоспарды жүзеге асыру және ақпаратты ашумен қамтамасыз етіледі
  • Еңбекті қорғау саласындағы тұрақты құндылықтар Қордың портфельдік компанияларында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы тұрақты құндылықтарын ынталандырумен қамтамасыз етіледі
  • Жауапты инвестициялар Қордың инвестициялық саясатында жауапты инвестициялардың негізгі ұстанымдарын енгізумен және инвестицияларды жобалау, енгізу және мониторингтеу процессінде ESG тұрақтылық көрсеткіштерін таңдаумен қамтамасыз етіледі
  • Экологиялық жауапкершілік Қоршаған ортаны қорғау саласында экологиялық заңнаманы, нормалар мен стандарттарды сақтау, сондай-ақ Қордың және Қор Тобының экологиялық қызметін дамытуға инвестициялау арқылы қамтамасыз етіледі