ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері

326

10 Қаңтар 2017

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті күндізгі отырысын өткізді, оның барысында 2016 жылға арналған күрделі салымдар жоспарын түзету мақұлданды.   

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2014 жылы Компания «Ембімұнайгаз» АҚ-да Прорва кен орындары тобы үшін газды кешенді дайындау қондырғысының (ГКДҚ) құрылысын бастады. ГКДҚ құрылысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес газды алау етіп жағуды жоюға, сондай-ақ мұнай өндірудің жоспарланған көлемін орындауға мүмкіндік береді. ГКДҚ-ны пайдалануға енгізу 2017 жылдың ортасына жоспарланған.

ГКДҚ-ны салу барысында технологиялық схема елеулі өзгерістерге ұшырады, оның нәтижесінде құрылыс алаңы, кіші нысандар саны және жабдықтың қуаты ұлғайтылды.  Бұдан басқа, 2015 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық валютаның құбылмалы бағамға ауысуына байланысты сатып алынатын жабдықтың құны қымбаттай түсті. Осы факторлар жоба бойынша шығындардың 17,9 млрд теңгеге артуына әкелді.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі 2017 жылдың бюджетін және 2017 – 2021 жылдарға арналған бизнес-жоспарды алдын ала бекітті, ол бекітуден кейін нарыққа егжей-тегжейлі ұсынылатын болады.