«KEGOC» АҚ Жылдық есебі мен тұрақты даму туралы есебі ең үздік деп танылды

«KEGOC» АҚ Жылдық есебі мен тұрақты даму туралы есебі ең үздік деп танылды

297

10 Қаңтар 2017

«KEGOC» АҚ RAEX (Эксперт РА Қазақстан) рейтингілік агенттігі ұйымдастырған Қазақстандағы жыл сайынғы RAEX жылдық есептер ауқымды байқауының 2016 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған қорытындылары бойынша «Орнықты даму туралы ең үздік есеп», «Ең үздік интерактивтік есеп» аталымдары бойынша жеңімпаз және «Дизайн және полиграфия» аталымы бойынша күміс жүлдегер болды. «KEGOC» АҚ жылдық есебі «Қаржылық емес саладағы ең үздік жылдық есеп» аталымы бойынша шорт-листке кірді. 2016 жылғы «Қазақстан қор биржасы» АҚ қолдауымен RAEX (Эксперт РА Қазақстан) рейтингілік агенттігі өткізген Қазақстандағы VI  жыл сайынғы RAEX жылдық есептер байқауына 137 компания қатысты.

«KEGOC» АҚ бірнеше жылдар қатарынан үздік қазақстандық тәжірибеге сенімді түрде енгізуге болатын жылдық есептерді дайындау деңгейі бойынша қазақстандық көшбасшылардың бірі болып келеді.

REAX сарапшыларының бағалауы бойынша «KEGOC» АҚ дайындалатын есептің стратегиялық бағытымен ерекшеленеді, онда Компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша жақсы құрылымдалған және үйлестірілген шолу, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің толық талдауы, корпоративтік басқару мәселелерін сапалы жариялау келтірілген. Орнықты даму мәселелерін ашып көрсету деңгейі де жоғары. Тұрақты даму туралы есепте компания қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері толығымен жазылған, сонымен қатар аталған бағыттар бойынша менеджмент саласындағы тәсілдерді ашуды қоса алғанда, электр энергетикалық сектор үшін GRI нұсқаулығының салалық қосымшасы есепке алынған. Есепте ұсынылған деректерді сыртқы тәуелсіз тарап куәландырды. Бұл есеп мазмұнының GRI (G4 нұсқасы, Ақпаратты ашып көрсетудің негізгі нұсқасы) нұсқаулығына сәйкестігін растайды. Бұл стейкхолдерлер үшін жарияланған ақпараттың дұрыстығына қосымша сенімділік береді және корпоративтік басқару саласындағы озық тәжірибелерге сәйкес келеді.  

«KEGOC» АҚ өз тәжірибесін әрі қарай жетілдіруге және ақпаратты ашып көрсетудің үздік халықаралық тәжірибесін қолдануға тырысады.