2017 жылы «ҚазМұнайГазда» Ортақ қызмет көрсету орталығы ашылмақ

2017 жылы «ҚазМұнайГазда» Ортақ қызмет көрсету орталығы ашылмақ

473

04 Қараша 2016

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ортақ қызмет көрсету орталығын құрады. Орталық көрсетілетін қызмет сапасын  арттыру мақсатында бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық және ақпараттық технологиялар сияқты үш қызметті біріктірмек.

 «Мұнай индустриясы қиын кезеңдерді өткеруде. Бұл компанияның Трансформация бағдарламасын іске асырудың сәті түскенін білдіреді. Бұл ретте Ортақ қызмет көрсету орталықтары құрылып, бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық пен ақпараттық технологиялар қызметтерін көрсетпек. Бұл еншілес компанияларға өндіріс қызметіне, бас компанияға корпоративтік басқаруға баса назар аударуға мүмкіндік береді», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев конференцияда сөйлеген сөзінде.

 «Ортақ қызмет көрсету орталығының  артықшылықтары қандай? Бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық операциялары мен ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша басқару деңгейі артады. Аталмыш операциялар бірыңғай стандарт пен методологиялар бойынша жүзеге аспақ. Компанияның барлық тобында дерлік автоматизацияның біркелкі өтуі есебінен операциялардың жүзеге асу жылдамдығы артып, еңбек шығыны азайып және ақпарат қауіпсізігі күшейеді», - деді компанияның трансформация жөніндегі вице-президенті Глеб Люксембург.

Айтуынша, бизнес-қызметтердің орталықтандыруын жүргізген халықаралық компаниялардың 80%-ы осы тектес орталықтарды құрған. Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы – Ортақ қызмет көрсету орталықтарын құру жобасын іске асырушылардың бірі және бірегейі.

 «Қазынашылық, бухгалтерлік және АТ қызметтеріне жан-жақты талдау жасай келе, ортақ қызмет көрсету орталығын құрудың концепциясын әзірледік. Құжатта орталықтың географиялық моделі, процестік-қызметтік модель мен ұйымдық құрылымды  құруға қажет тәсілдеме мен қағидаттар, орталықты құрудың заңды аспектілері және техникалық-экономикалық тиімділік ашып көрсетілген», - деді «ҚМГ Глобал Солюшнс Б. В.» ЖШКФ бас директорының орынбасары және ОҚО құру жөніндегі жоба жетекшісі  Александр Сушин.

Орталық бэк-, мидл-, фронт-офистерден құралмақ. Методологиялық қолдау көрсету мен орталықты әкімшілік басқару қызметіне жауапты Бэк-офис, Астана қаласында орын теппек. Мидл-офис экспертиза және транзакциялық орталықтарды қамтиды. Экспертиза орталығында корпоративтік орталық пен аналитикалық ресурстар методологиясына бейімдеуді қажет ететін операциялар өңделеді. Ал транзакциялық орталық кертартпа операциялар мәселесін қамтымақ. Фронт-офис еншілес ұйымдар негізінде құжаттарды өңдеу (сканерлеу және архивтеу) істерімен айналысып, онда осы сала бойынша  мамандарды тікелей қатыстыра отырып қызметтер көрсету көзделген.

Айтуынша, бизнес-қызметтердің орталықтандыруын жүргізген халықаралық компаниялардың  80 пайызы осы тектес орталықтарды құрған.

«Ортақ қызмет көрсету орталығын құру үш кезеңмен жүзеге аспақ. 2017 жылдың басына дейін аяқталатын  бірінше кезеңде концепциясын бекітіп, операциялық моделді әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Екінші кезең – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пилоттық компанияларында операциялық модель элементтерін енгізумен ерекшеленбек. Пилоттық іске қосу 2017 жылдың II – III тоқсанына дейін жалғасады деп күтілуде. Үшіншісі – ең маңызды кезең болғандықтан, барлық еншілес және тәуелді компанияларға Ортақ қызмет көрсету орталығының мақсатты операциялық моделін жаппай енгізуді болжайды. ОҚО-ны енгізу 2018-2019 жылдарды қамтымақ», - дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ортақ қызмет көрсету орталығын құру жөніндегі жобаның жетекшісі Дмитрий Басистый.