«Самұрық-Қазына» АҚ мұнай нарығының 2017 жылға арналған болжамын ұсынады

«Самұрық-Қазына» АҚ мұнай нарығының 2017 жылға арналған болжамын ұсынады

442

15 Қаңтар 2017

2017 жылғы 13 қаңтар, Астана. 2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтың құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді. 2017 жылғы мұнай нарығын қалыптастыратын негізгі себептер 2016 жылдың аяғында-ақ орын алды деуге болады. Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің кездесуі өтті, бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде ұстап тұру келісімінің арқасында мұнай бағасы қарашада 5%, желтоқсанда 8% өсті.

Біз ОПЕК мұнай өндіруді қысқартқанымен, оның орны АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп ойлаймыз. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, біздің базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Маңызды факторлар

1. Жаһандық өсім мен мұнайға сұраныс болжамы

Жаһандық экономикалық өсім мұнай нарығының келешегін болжаудағы маңызды фактор болып қалып отыр. Кейбір елдердің көрсеткіштері жақсы болғанымен, өзгелерде жағдай оңды емес. Десе де 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жоғары өсу қарқыны күтіліп отыр. ІЖӨ 2016 жылы 2,4-3,1% болса, 2017 жылы 2,8-3,4%-ға өседі деп күтіліп отыр.

Мұнайға сұраныс 2017 жылы тәулігіне орташа есеппен 1,15 млн баррельге, яғни 96,5 млн баррельге дейін артады (2016: тәулігіне +1,23 млн.). 2016 жылмен салыстырғанда өсудегі іркілістер АҚШ-та, Индияда, Еуропада байқалатын болса (баға икемділігінің төмендеуіне байланысты), Жапония мен Бразилияда сұраныс артады. Мұнай сұранысының артуына Қытайдың үлесі зор болады, 2016 жылғы сатылған көліктер санына қарасақ, жанармай пайдалану анағұрлым артатынын көреміз.


Дереккөз: ХВҚ, Дүниежүзілік банк,  ОПЕК, ХЭА, Самұрық-Қазына

Мұнайға сұраныстың өсуі экономиканың тұрақталуына, көлік секторындағы тұтынушылыққа байланысты болып отыр, ал төмендеу қаупі отынның балама түрлерін қолданған жағдайда және көлік құралдарының тиімділігін арттырған жағдайда болуы мүмкін.

1. ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің мұнай жеткізілімі

30 қарашада ОПЕК 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге азайтуға, яғни тәулігіне 32,5 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Келісім мерзімі – алты ай. 2017 жылғы қысқартудың өзінде ОПЕК өндірісі 2016 жылғы қаңтардағы деңгейде қалады, бұл да, келісімдерге қарамастан, 2017 жылы ОПЕК күткен нәтижелер.

9 желтоқсанда ОПЕК-ке кірмейтін 11 ел, ОПЕК шешімініе қолдау ретінде 2017 жылы алты айға өндіріс көлемін тәулігіне 558 000 баррельге төмендетуді ұйғарды. Тиісінше, мұнай өндірісінің жалпы төмендетілген көлемі тәулігіне 1,8млн баррель болды.

ОПЕК-ке кірмейтін елдердің өндірісі 2017 жылы тұрақталады. Өндіру Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағында  төмендеп, оның орнын Бразилия мен Канадада артады. Болжам бойынша, өндіріс көлемі жағынан Канада ОПЕК-ке кірмейтін елдердің ішінде үшінші орынға шығады, яғни Бразилия мен Қазақстаннан кейін.

Мұнай жеткізілімінің болжамы, тәулігіне млн баррель (2016-2017)


Дереккөз: ОПЕК, ХЭА, Самұрық-Қазына

Мұнай бағасының икемділігі мен болжамдар

2017 жылғы мұнай бағасының икемділігі жоғары болады деп күтеміз, бұл, ОПЕК пен оған кірмейтін елдердегі тәуекелдер төмендеді, сондай-ақ геосаяси факторлар да мұнай бағасына әсер етіп жатыр.

ОПЕК-тегі өндірістің қысқаруы АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп күтеміз.  Тақтатас мұнайы өндірісінің артуы мұнай бағасының өсуіне шектеу қояды. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, біздің базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Мұнай бағасының болжамы, АҚШ доллары/ баррель


Дереккөз: Блумберг, Самұрық-Қазына

^2017 жылғы мұнайдың орташа бағасына болжам Самұрық-Қазына

Жауапкершіліктен бас тарту және ақпаратты ашу

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және портфельдік инвестициялар блогының  Зерттеу және білімді басқару департаменті (бұдан былай: «Зерттеу командасы») осы хабарламадағы сараптамаға жауапты. Бұл шолуда жарияланған кез-келген пікір – зерттеу командасыныкі.

Бұл хабарлама біз сенімді деп санайтын дереккөзден алынған ақпаратқа жүгініп дайындалған, және біз «Самұрық-Қазына» АҚ веб-сайтында үнемі жаңартылып отыратын, сенімді ақпараттың пайда болуы үшін бар шараны қолданамыз. Алайда, зерттеу командасы да, «Самұрық-Қазына» АҚ да, хабарламада және басқа да есептерде келтірілген мәліметтер күмәнсыз және осы мәліметтерді нақты деп қолдану керек деп жариялаудан аулақ. Зерттеу командасы аталған хабарламадағы ақпаратты кез-келген уақытта өзгертуге құқылы.

Зерттеу командасы да, «Самұрық-Қазына» АҚ немесе оның қызметкерлері де осы хабарламадағы ақпаратты қолдану нәтижесінде болған шығынға жауапты емес, хабарламада немесе осы хабарламаны ары қарай тарату немесе басқа жерлерде жариялау нәтижесінде болуы мүмкін қателіктер немесе нақты емес ақпаратқа жауапты емес.

Аталған хабарлама тек ақпараттық мақсатты көздейді, және кең қолдануға арналған. Аталған хабарлама қандай да болмасын құнды қағаз бен активтерге қатысты келісім-шартқа отыру немесе сатуға байланысты кеңес немесе ұсыныс деп қарастырылмауы керек.