«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің базасында HR Академия ашылды

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің базасында HR Академия ашылды

380

20 Қазан 2016

19 қазанда «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті кәсіби даму және сертификаттау бағдарламасының HR Академиясы ашылады.

HR Академия – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті ұсынатын кәсіби дамытудың және сертификаттаудың HR бағдарламасы.

Трансформациялау шеңберінде, бизнес үдерістерді автоматтандырумен және корпоративтік басқарудағы өзгерістермен қатар, адам ресурстарын басқару жүйесіне халықаралық стандарттарды жоспарлы енгізу жүріп жатыр.

«HR-академия» бағдарламасы бойынша оқыту – қоржындық компанияларға HR референстік үлгісіне сай адам ресурстарын басқару жөніндегі мақсатты үдерістерді енгізуге бағытталған.

HR академияның мақсаты:

HR референстік үлгісіне сай адам ресурстарын басқару жөніндегі мақсатты үдерістерді енгізу арқылы ұзақ мерзімді құндылықтарды барынша жақсарту және Қордың қоржындық компанияларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Оқыту бағдарламасы адам ресурстарын тиімді басқару үлгісіне сай жасалған және Бизнес стратегияны тікелей қолдайтын ұйымдық тиімділік пен HR стратегияға бағытталған.

Бағдарламада адам ресурстарын басқару жүйесінің кешенді амал-тәсілдері қолданылады.

19 - 21 қазанда HR Академияның бірінші модулі өтеді, оған келесі HR  сарапшылар қатысады:

арнайы қонақ Дэниэл Крюсберг, «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару бойынша бас директор;

Гүлмира Раисова, Қазақстан Республикасы HR-менеджерлері ассоцияциясының Үйлестіру кеңесі төрайымы, жеке және мемлекеттік сектордағы адам ресурстарын басқару саласында 19- жылдық тәжірибесі бар;

Владимир Шиков, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің Бизнесті дамыту бойынша директоры, әрі көшбасшылар командасын жұмылдыру және оны дағдарыстан шығару жөніндегі тренингтердің бірегей әдістемесінің авторы;

Серікбай Бисекеев, «Арман Холдинг» компаниясының президенті, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның тәуелсіз директоры, өз тәжірибесін және заманауи қағидаттарды Қазақстандағы мемлекеттік сыңайлы компаниялардың корпоративтік мәдениетіне бейімдей отырып, ірі компанияларды дамытумен айналысады.

HR Академияның бірінші модулі барысында келесі сұрақтар қарастырылады:

• Құзыреттіліктерге негізделген HR референстік үлгі. Адам ресурстарын тиімді басқару жүйесі, кәсіби HR стандарттары.

• Бизнес стратегия, адам ресурстарын басқару стратегиясы.

• HR рөлі, HR ұйымдық құрылымы және рөлдерді бөлу.

• Бизнес мақсаттар мен қаржылық көрсеткіштерді түсіну.

• Қызметкерлерді іріктеу және жалдау. Қызметкерлерді оқыту және дамыту.

HR Академияның артықшылықтары неде?

- кешенді қарқынды оқыту бағдарламасы, әлемдік үздік тәжірибелерді қолдану арқылы жасалған барлық негізгі HR бағыттарды қамтиды;

- негізді әдістемелік база;

- қатысушыларда қажетті білім, икемділік және дағды қалыптастыру мақсатында әр модуль бойынша міндетті тәжірибелік жұмысы бар белсенді оқыту тәсілі (тәжірибелік кейстерді шешу, рөлдік ойындар, т.б.);

- модульден өткен соң әрбір қатысушы, қолдануға дайын саясаттардың, үлгілердің, үлгітүрлерін және басқа да материалдарды алады;

- тәлімгерлердің кәсіби командасы!

Бағдарлама Қордың компаниялар тобының HR директорларына, линиялық жетекшілеріне, HR-ға жетекшілік ететін басшыларға; Қордың компаниялар тобының, сондай-ақ Қор Серіктестерінің тиісті бағыттар бойынша жұмыс істейтін HR менеджерлеріне бағытталған.