«Самұрық-Қазына» Қоры Кореяның Kolon Corporation және Korea Telecom компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды

«Самұрық-Қазына» Қоры Кореяның Kolon Corporation және Korea Telecom компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды

303

11 Қараша 2016

Корея Республикасына іссапары барысында Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бірнеше ірі компания басшыларымен кездесті. Kolon Corporation төрағасы Вунг Йоул Лимен кездесуде тараптар машина құрастыру, химиялық өнеркәсіп, инфрақұрылымдық жобалар, ІТ технологиялар сынды салаларда серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.

«Самұрық-Қазына» Қоры мен «Kolon Corporation» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, құжатта екі холдингтің қоржындық компаниялары арасында аталған салаларда өзара әрекеттестікті нығайту туралы тараптардың ниеттері көрсетілген.

 Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» басшысы «Korea Telecom Global Business Group» президенті Тае Сунг Лиммен кездесті. Тараптар Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Korea Telecom» арасында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі үш жақты құзырет орталығын ашу мүмкіндіктерін талқыға салды.

Бұл жобаның басты мақсаты –Big Data, IoT сынды озық сандық технологиялардың трансферті арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ және қоржындық компаниялардың тиімділігін көтеру. «Құзырет орталығынан біз бірінші кезекте инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, отандық мамандарды даярлау бойынша трансфертті, Қор тобының кәсіпорындарында ағымдағы өндірістік және бизнес міндеттерді шешуде «Korea Telecom» компаниясы тәжірибесінің қолданылуын күтеміз», - деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Анықтама: Kolon Group – холдингтік компания, 1954 жылы құрылған. Қызметінің бағыттары: инженерлік-құрылыс саласы, химиялық және жеңіл өнеркәсіп. Компания Алматы қаласындағы авто-газ толтыру стансаларының құрылысына қатысуда. Қазір пайдалануға 7 станса тапсырылған. Korea Telecom – Оңтүстік Кореядағы интеграцияланған сымдық және сымсыз телекоммуникациялық қызметтердің ірі провайдері. Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Korea Telecom» арасында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі үш жақты құзырет орталығын ашу көзделуде.