«Самұрық-Қазына» Қоры Басқармасының төрағасы болып Өмірзақ Шөкеев тағайындалды

«Самұрық-Қазына» Қоры Басқармасының төрағасы болып Өмірзақ Шөкеев тағайындалды

1091

26 Желтоқсан 2011

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы болып Өмірзақ Шөкеев тағайындалды.

Тимур Құлыбаев Жаңаөзен қаласындағы тәртіпсіздіктен кейін өзін Қордың Басқарма төрағасы лауазымынан босатуға өтініш берді.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында өмірге келді.

1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады.
1986-1988жж.. – КСРО Мемлекеттік жоспарлау жанындағы Ғылыми Зерттеу Институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді;
1988-1991жж.. – МЭСИ аспиранты;
1991-1992жж.. - Ғылыми Зерттеу Институтында жоспарлау процесстерін автоматтандыру және басқару құрылымын жетілдіру жөніндегі жетекші ғылыми қызметкер;
1992-1993жж.. - ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің кеңесшісі;
1993ж. – ҚР Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1993-1995жж.. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;  
1995ж. қараша – 1997ж. наурыз - ҚР Экономика министрі;
1997ж. наурыз –қазан – ҚР Экономика және сауда министрі;
1997ж. шілде –қазан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің жедел қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қатынас жөніндегі мәселелерді қарастырды)
1997ж. қазан – 1998ж. сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ басқарма төрағасы;
1998ж. сәуір –тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
1998ж. тамыз – 2004ж. наурыз – Қостанай облысының әкімі;
1997 ж.ақпан – қараша – ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің мүшесі;
1997ж.қараша-1998ж.тамыз – ҚР тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;
1997ж.наурыз – желтоқсан – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің Төрағасы;
2004ж. наурыз – Астана қаласының әкімі;
2006ж. қыркүйек – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
2007ж. тамыз - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
2011 жылдың 11 сәуірінде ҚР Президентінің Үкімімен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып белгіленді.
2011 жылдың 26 желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.