ҚР Парламент Сенаты «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заң жобасын қарастырды

ҚР Парламент Сенаты «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заң жобасын қарастырды

951

11 Қаңтар 2012

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заң жобасы қарастырылды.

Заң жобаcы өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіруге және Үкімет пен Қор өкілеттілігінің айқынырақ анықтамасын, стратегиялық жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыруын және Қор мен оның еншілес компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштерін бақылауын, сонымен бірге сатып алуды жүзеге асыруын кемелдендіруге бағытталған. Бұдан басқа заң жобасы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау мақсатында Қор мен Есеп комитеті арасында өзара әрекеттесу механизмін бекітеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев өз сөзінде атап өтті: «Заң жобасы атқарушы өкімет және жалғыз ғана акционер ретінде Үкімет міндеттерін дәл жүйелеуді қамтиды. Ал бұл Қордағы басқарудың тиімділігіне әкеледі. Бұл ретте Үкіметте Қор қызметін бақылау мүмкіндігі болады».

Заң жобасының нормалары корпоративті басқарудың қазірдегі принциптерінің негізінде құрастырылған. Бұл ең үздік дүниежүзілік тәжірибесіне сәйкес Қор қызметінің жариялылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

«Біздің міндетіміз – Үкімет пен Қор қызметтерінің салаларын межелеу. Қор, ең алдымен – өзінің пайдалығын көтеруді қажет ететін бизнес құрылымы. Қор ақша тауып, Үкіметке дивиденд төлейді, ал Үкімет болса, бұл қаражатты әлеуметтік және басқа мемлекеттік мәселелерді шешуге бағыттайды», - деп түсіндірді.

Күшейтілген бәсекелестік, соның ішінде Кеден Одағы пен ЕЭҰ шеңберінде Қор компанияларынан нарық коньюктурасының өзгеруі мен сатып алу барысында икемділік пен жинақылықты едәуір талап етеді. Заң жобасы бойынша сатып алу ережелеріне өзгеріс енгізу үрдісі оңайлатылмақ, әрі бұл мәселелерге әлдеқайда аз уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Сол уақытта сатып алу процессін қатаң тексеру сақталады. Бұл Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Сатып алу ережелері негізінде қамтамасыз етіледі. Ондай механизм мемлекет мүдделерін сақтауға мүмкіндік беріп, компаниялардың нарықтық тұтастығын жоғарлатады.

Заң жобасы Есеп комитеті өкілін Қордың Директорлар кеңесі арқылы арнайы комитетке қосуын көздейді. Бұл Қор мен оның барлық еншілес компанияларының саудалық қызметінен түскен табысын тексеруді қамтамасыз етеді.

Арнайы комитет құрамына мемлекеттік бақылау мен құқық қорғау органдарының өкілеттері де кіреді.

Еске салайық, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заң жобасы 2011 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тапсырмасымен ойластырылды. Заң жобасында бекітілген тұжырымдамалық жолдар 2011 жылдың 20 шілдесінде Қордың Директорлар кеңесімен қарастырылып қабылданған, және 2011 жылдың 12 қыркүйегінде заң жобалық қызмет мәселелері жөніндегі мекеме аралық комиссиясымен қарастырылды. Ғылыми-экономикалық, құқықтық, жемқорлыққа қарсы және лингвистикалық сараптама қорытындысы жүргізілді. Заң жобасы 2012 жылдың 9 қаңтарында ҚР Сенат Праламентінің Қаржы және бюджет Комитетінің кеңейтілген отырысында  қарастырылды.