«Самұрық-Қазына» АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді

990

28 Тамыз 2012

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев 28 тамыздың Үкімет отырысында атап өткендей, Стратегияда Қор жұмысының негізгі мақсаттары мен даму кезеңдері  анықталды.

 «Бұл өте маңызды, өйткені осы стратегия долбары бойынша Қор алғашқы 10 жыл ішінде дамиды. Сондықтан алғашқы болып Қор мақсаттары айқындалды: Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқаттын Қор мен оның еншілес компанияларының акциялар бағамымен тиімді басқару, өсіру мақсатымен тұрақтандыру болып табылады», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.

«Нақты мәнінде бұл мынаны білдіреді инвестициялардан жинақталатын кірістілік акционер немесе кредиторлар беретін капиталдың құнынан асып түсуі тиіс», - деп түсіндіріп өтті ол.

Оның сөзінше, қойған мақсатқа жету үшін келесі көрсеткішпен жұмыс істеу қажет: Жалғыз акционер ретінде мемлекет мүддесін сақтау, кірістілік, тиімділік, ашықтық және Қор қызметінің есептілігі, шешім қабылдаудағы жүйелілік және жеделділік, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік, заңдылық.

«Қордың 2022 жылға қарай пайымы – компанияларды біріктіретін, әлемнің таңдаулы практикаларына қол жеткізген, елдің орнықты дамуын қолдауға негіз болатын мы хотим стать стратегиялық холдингке айналу. Яғни компаниялардың операциялық істеріне араласпай, стратегиялық маңызды мәселелер мен бағыттар бойынша басқаруды тек қана Директорлар кеңесі арқылы жолға қою»,- деп сөзіне қосты Ө.Шөкеев.

Басқарма төрағасы бүгін Қор көп дәрежеде операциялық холдинг ретінде жұмыс істеуде екенін атап өтті.

«Біз компаниялармен жобаларды таңдаудан бастап қаржы ұсынуға дейін барлық мәселелер бойынша белсенді жұмыс істейміз. Бұл ұлттық компаниялардың ағымдағы даму деңгейімен де, сондай-ақ елдің дамуы жөнінідегі бағдарламалық құжаттарды іске асырумен байланысты мәселелерді кең ауқымына да байланысты болып отыр» - деді Ө.Шөкеев.

Оның ақпараттары бойынша, 2022 жылдан кейін Қордың қаржы холдингі ретінде жұмыс істеуі  үшін алғы шарттар жасай алады деп жоспарлануда, яғни  Директорлар кеңесінің жұмысына араласпай, назарды компанияның қаржылық нәтижелеріне ғана шоғырландыру.

«Қордың өзіміз айқындаған Миссиясы мен Пайымы шеңберінде біз өзіміз үшін дамудың 3 стартегиялық бағытын айқындадық: Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру, ұлттық экономиканы әртараптаныруға және жаңғыртуға қатысу, әлеуметтік жауапкершілік», - деп атап өтті.