KEGOC «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі 500 кВ ӘЖ 1-ші кезеңі құрылысын мерзімінен бұрын аяқтайды

KEGOC «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі 500 кВ ӘЖ 1-ші кезеңі құрылысын мерзімінен бұрын аяқтайды

423

27 Ақпан 2017

Еліміздің басты электр желілік компаниясының басшысы Бақытжан Қажиев «KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалы ұжымымен өткізілген есептік кездесу барысында Компанияның дамуы Қазақстанның дамуымен тығыз байланысты екендігін атап өтті және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бес негізгі басымдық туралы толық әңгімелеп берді.

Соның ішінде ол ел экономикасын жедел технологиялық жаңғырту аясындағы міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл басымдықтар мен міндеттердің біздің Компания үшін маңызы зор. Біз оларды бағыт етіп ұстап, өз қызметімізді жоспарлау мен іске асыруда ескереміз», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР Президентінің мемлекеттік биліктің тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамалары талқыланды. Саяси жүйені жаңғырту бірінші кезекте мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының оңтайлы өзара іс-қимылына және олардың әрқайсының жауапкершілігін арттыруға бағытталатыны атап өтілді.

«Жоспарланатын өзгерістерде барлық мемлекеттік басқару жүйесінің үйлесімді жұмыс істеуі үшін қуатты әлеует бар. Бұның ел экономикасының инновациялық дамуы мәнмәтінінде маңызы ерекше зор», - деді «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2000 жылдардан бастап KEGOC Қазақстан Республикасы Ұлттық электр торабын (ҚР ҰЭТ) жаңғырту және инновациялық дамыту жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырғандығы белгілі. «ҰЭТ-ты жаңғырту» көлемді жобасының алғашқы екі кезеңі аяқталды. Аяқталған бірқатар жобалардың санатында 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Индустрияландыру күні» аясында пайдалануға берілген  «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті ӘЖ салу» - 500 кВ Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен жоғары вольттық желілері» ауқымды жобасының бірінші кезеңі бар. Құрылыс кестеден 1 жыл бұрын аяқталған.

Жұмыс істеп тұрған энергия объектілерін жаңғырту және жаңаларын салу бойынша жүйелік жұмыс KEGOC-қа ҰЭТ-ты дамыту бойынша міндеттемелерді тиімді орындауға және Қазақстан БЭЖ-нің сенімді қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2016 жылы «KEGOC» АҚ-ға электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша беру, сондай-ақ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде көрсетілген қызмет көлемдері өсті.

Компания ҚР ҰЭТ энергообъектілерін 2016-2017 жылдардың күзгі-қысқы мерзіміне сәтті дайындады. Технологиялық бұзушылықтардың саны азайды, тек 2016 жылдың өзінде «KEGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық бұзылыстардың көрсеткіштері 13%-ға қысқарып, электр энергиясының барлық толымсыз босатылуы азайды.

Компания қызметінің барлық аспектілерін жетілдіру бойынша осындай жоспарлы да бірізді жұмысы тек өндірістік табыстар ғана әкелмейді.

KEGOC әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын компанияларға жатады. Компания жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың табыстылығын 82%-ды құрайтын әлеуметтік тұрақтылықтың өзгеріссіз жоғары рейтингінен байқауға болады, ӘБП персоналының қатыстырылу дәрежесі 5%-ға өсіп, 73%-ды құрады. Компания «Самұрық-Қазына» Қорының ұлттық компаниялар тобында бұл көрсеткіштер бойынша  төрт жыл қатарынан үздіктер қатарында. 

2016 жылдан бастап «KEGOC» АҚ-да бизнесті трансформациялаудың кешенді және көлемді бағдарламасы табысты іске асырылуда. Компанияда бизнес-процестер мен ұйымдастырушылық құрылым оңтайландырылған.

Қазіргі уақытта Компанияның 23 жобадан тұратын жобалар портфелі қалыптастырылған. Портфельде қызмет тиімділігін арттыру бойынша бастамалар топталған. Әрбір жобаға жобалық топтар бекітілген, Компания басшылығы қатарынан демеушілер белгіленген.

Енді  Компания бағдарламаның шешуші үшінші кезеңіне – жобалар Портфелін іске асыруға кірісті.

Бұл жасырын резервтерді орынды қолдануға, Компанияның құнын арттырудың жоғары әлеуетті бизнес бағытында ресурстарды топтастыруға, жұмыс өндірісін арттыруды қамтамасыз етуге және алдыңғы қатарлы басқарушы тәжірибені енгізуге мүмкінішілік береді.