І корпоративтік қайырымдылық форумы

І корпоративтік қайырымдылық форумы

384

24 Ақпан 2017

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық жәрдем беруден әлеуметтік инвестицияларға көшеді. Ендігі кезде жеке жобаларды ғана емес, әлеуметтік бағдарламалардың жүйелі орындалуын қамтамасыз ету қажет. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тұңғыш рет Корпоративтік қайырымдылық форумын ұйымдастырды. Мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қандай көмектің тиімді болатыны жайында ой бөлісті. 

«Біз қайырымдылық жәрдем көрсетуден әлеуметтік инвестицияларға көшеміз. Бір жылдың ішінде қайырымдылық қызмет саласында инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе жинақтадық. Бұл ретте аз қаражат есебінен көп адамға көмек көрсету көзделген. Егер осыған дейінгі 5 жылда біз 400 мың адамға көмектестік, және тек өткен жылдың өзінде 200 мың адамға 15 млрд теңге соммасына қолдау көрсетілді. Бір айтары, 2016 жылғы шығындар алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда аз», — деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев





«SK Trust» бүгінде қайырымдылық және демеушілік жобалары бойынша Қор тобының бірыңғай операторы ретінде қызмет етеді. Оның жұмысы тиімділік, әлеуметтік маңыздылық, жүйелілік пен транспаренттілік принциптеріне негізделеді. Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының алғашқы қадамдары сәтті. Оның бір дәлелі — «Менің елім» бағдарламасының жүзеге асуы. Бұл бастама қалай пайда болды? «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары аймақтарда жұмыс істейді. Олар - сол жерлердің әлеуметтік инвесторлары. Біз көрсетілетін көмекті жүйелендіруді жөн көрдік. «SK Trust» басшылығы 9 аймақтың жергілікті атқару органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Енді менеджмент әр аймақ бойынша «Менің елім» жобасы аясында бағдарламаны қабылдауы тиіс», деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, «Samruk-Kazyna Trust» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дархан Кәлетаев

«Корпоративтік волонтерлік — маңызды мәселе. Біз әлеуметтік жағынан белсенді адамдарды таңдаймыз. Қор қызметкерлері жиі қайырымдылық акцияларға қатысады. Өйткені құндылықтарымыздың қатарында тек жақсы жұмыс атқару ғана емес, білім, тәжірибе алмасу, көмек көрсету сынды ұстанымдар да бар. Қаражаттан бөлек қолдау көрсетуге болады. Мәселен, біздің жоғары кәсіби мамандар — бухгалтерлер, заңгерлер кеңес бере алады. Бұл қазақстандық қоғамды дамыта түспек», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры — басқарма мүшесі Ұлан Тәжібаев форум барысында.