«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі 2017-2021 жылдарға арналған  даму жоспарын бекітті

309

03 Сәуір 2017

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі — Қор) Директорлар кеңесі Қордың 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті (бұдан былай — «Даму жоспары»). Даму жоспары – Қор Стратегиясын іске асыру мақсатымен орта мерзімде іске асырылатын іс-әрекеттерді сипаттайтын стратегиялық құжат. Даму жоспары Қор мен Бірегей ақционер үшін айқын, нақты, өлшемелі іс-ірекеттер арқылы Стратегияның іске асырылуын қамтамасыз етеді. Даму жоспарына сәйкес, Трансформация бағдарламасының аясында, Қор стратегиялық холдинг және белсенді инвестор рөліне өтуді жалғастырады. 

Орта мерзімді мақсаттар қазіргі уақыттағы макроэкономикалық және нарықтық ахуалға, өткен кезеңдегі Қор мен қоржын компаниялар жұмысының нәтижелеріне, қоржын компанияларды дамыту жоспарына, сондай-ақ, жалпыұлттық, іскерлік басымдықтарға негізделген. Қор өз қоржын компанияларының ұзақ мерзімді құнын арттыруды мақсат етеді. 

Қор Стратегиясын сәтті іске асыру үшін Қор алты бастама бойынша басымдылықтарды айқындайды:

•  Қоржындық компанияларды басқаруды жақсарту;
•  Жекешелендіру бағдарламасы, яғни активтерді сату немесе жабу арқылы инвестициялық портфельді қайта құрау;
•  Инвестициялық портфельді жаңа салаларға ден қоя отырып дамыту;
•  Портфельдік компанияларды трансформациялау;
•  Қордың корпоративтік орталығын жаңа функционалдық модельге өткізу;
•  Қаржылық тұрақтылықты арттыру.

«Самұрық-Қазына» қоржындық компаниялардың стратегияларын іске асыру бойынша ортақ бағыт беріп, жекешелендіру арқылы стратегиялық активтерді қайта құрып, елге инвестиция тартуға бар күшін салып отыр. Қор ел экономикасын модернизациялап, жаңа салаларды дамыту үшін өсімтал компаниялардың дамуына инвестициялайды. Мұндай қоржындық компанияларға 2017 жылы 121 млрд теңге инвестиция құйылады. 2021 жылдың соңына дейін жаңа және өсімтал компанияларға жұмсалатын инвестиция көлемі 273 млрд теңгеге жетеді.