«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ «Қазойлмаш» ЖШС қайта сатуға қойылды

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ  «Қазойлмаш» ЖШС қайта сатуға қойылды

390

03 Сәуір 2017

«Қазмұнайгаз» АҚ «Қазойлмаш» ЖШС-ін қайта сатуға шығарды.

Бағасы төмендетілген электронды аукцион 2017 жылғы 19 сәуірде өтеді.

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы — 450 000 теңге.

Саудаға қатысудың кепілдік жарнасы — 67 500 теңге.

«Қазойлмаш» ЖШС — «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ активі. Жарғы бойынша компания мұнай-газ компанияларына сервистік қызметтер көрсетуі тиіс болатын. Бірақ, құрылғаннан бері қаржы-шаруашылық қызмет көрсетілмеген.  Ақтау қаласында орналасқан.

2017 жылғы 1 наурызда өткізілген аукцион 2-ден кем қатысушының болуына байланысты өткен жоқ.

Толық ақпарат www.gosreestr.kz алаңында