ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

254

04 Сәуір 2017

2017 жылдың 3 сәуірінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, Қордың және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Басқосу барысында «Самұрық-Қазына» сатып алулар жүйесінің жаңа үлгісі назарға ұсынылды. Ол сатып алуларды категориялық басқаруды және әлеуетті жеткізушілерді алдын ала кәсіби іріктеуді қамтиды.

Кеңес аясында «Атамекен» ҰКП өкілдері мен қазақстандық кәсіпкерлер сатып алулардың жаңа үлгісін талқылап, Қор бастамаларын қолдады.