«Самұрық-Қазына» АҚ жоғары оқу орындарының түлектерін «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады

«Самұрық-Қазына» АҚ жоғары оқу орындарының түлектерін  «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады

367

05 Сәуір 2017

Қазақстанда ең алғаш рет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетімен бірлесіп жоғары оқу орындарының (ЖОО) түлектері арасында «Жас Өркен» тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға сайыс жариялайды.

«Жас Өркен» бағдарламасы – бұл «Самұрық-Қазына» қорының  ЖОО талантты түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту бастамасы. Іріктеу кезінде сайыстың негізгі қағидаттары: барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктер, ашықтық пен меритократия.

Қатысуға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша ЖОО 2017 жылғы түлектері шақырылады.

Сайыс үш кезеңнен тұрады: біріншісін қатысушылар online өте алады, екінші кезең өңірлерде өтеді, үшіншісі – Астана қаласында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде өткізіледі. Қатысуға өтінімдерді тіркеп қабылдау – бағдарламаның www.skcu.kz/zhasorken ресми сайтында 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін.

Сайыстың 20 жеңімпазы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде оқытылып, тағылымдамадан өтуге Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларына жіберіледі. Бағдарлама ұзақтығы – 2 жыл. Осы кезең ішінде тағылымгерлерге шәкіртақы, тағылымдану орнына жолақы және баспана ақысы төленеді.

Ұлан Тәжібаев, «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі:

««Жас Өркен» бағдарламасы – бұл біздің дарынды жастардың ұмтылысын дамыту және түлектер үшін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жемісті қызмет құрудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарламаға қатысушылар тәжірибелі топ-менеджерлердің жетекшілігімен тағылымдамадан өтеді, бұл жағдайда келешекте кәсіби қызмет барысында қолдана алатын жаңа білім мен дағдылар игере алады. Келешекте - тағылымдамадан өткеннен кейін үздік үміткерлердің жетекші ұлттық компанияларда қызмет етуге мүмкіндіктері бар».

Сайысты «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ұйымдастыруда.