Лондонда Жамбыл облысындағы электр энергиясы тапшылығын жою бойынша жобаларға қаржы тартатын индикативті шарттарға қол қойылды

Лондонда Жамбыл облысындағы электр энергиясы тапшылығын жою бойынша жобаларға қаржы тартатын индикативті шарттарға қол қойылды

248

07 Сәуір 2017

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған Лондондағы Инвестор күні аясында, Еуропа қайта құру және даму банкі (бұдан әрі — ЕҚДБ) мен «Бурное Солар 2» ЖШС (бұдан әрі — Бурное) арасында «Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электр станциясын 50 МВт-тан 100 МВт-қа кеңейту» инвестициялық жобасына қаржы тарту бойынша индикативті шартқа қол қойылды. Жоба өңірдегі электр энергиясы тапшылығын жоюға бағытталған. Жоба, 2016 жылғы желтоқсанда мақұлданған, жаңартылған энергия көздерін қаржыландырудың ЕҚДБ бағдарламасы аясында, 200 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландырылады деп көзделуде.
 
Жоба ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы мен «Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңы аясында іске асырылып жатыр.
 
«Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электр станциясын 50 МВт-тан 100 МВт-қа кеңейту» жобасы қуаты 100 МВт-тық «Бурное» жобасының екінші кезеңі болып табылады. Жоба аясында электр станциясындағы қуатты 50-ден 100-ге жеткізіп, жылдық орташа энергия бөлінісін сағатына 146,4 млн кВт-қа жеткізу көзделіп отыр. Жобаға жұмсалатын қаражат 25 млрд. теңгені құрайды. ЕҚДБ-мен ынтымақтастық аясында қарызға алынатын 50 млн. АҚШ доллары ЕҚДБ мен Таза технологиялар қорынан бөленді деп жоспарлануда.  
 
«Бурное» станциясын кеңейту жобасы дайын. Соның ішінде, Мемлекет басшысының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіне 2015 жылғы сапары аясында,  «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен британдық әріптес UG Energy Limited арасында жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылған болатын. ЕҚДБ-мен қарызға қаражат алу туралы Мандаттық хатқа қол қойылып, жобаның «Мемсараптама» РМК-мен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды (бұдан әрі — ТЭН), 49 жылға жер телімі бөлінді, қуаты 220/10 киловольт «КЭС Бурное» қосалқы станциясы салынып, іске қосылды.
 
Әріптестер туралы ақпарат:

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ холдингіне кіретін инвестициялық компания. Негізгі қызметі, стратегиялық әріптестермен немесе институционалды инвесторлармен бірге, Қазақстан экономикасының дамуы мен жаңғыруына ықпал ету мақсатында  Қазақстан компанияларына тікелей инвестиция тарту болып табылады. 
UG Energy Limited компаниясы  United Green-нің (бұдан әрі - UG) 100% еншілес компаниясы. UG компаниясының жаңармалы энергия көздері саласындағы тәжірибесі орасан. Олар 2088 жылдан бастап жел мен күн энергетикасына инвестиция салып келеді. Олардың барлық жобаларға салған инвестиция көлемі мынадай: қуаты – 300 МВт, жалпы құны – $1,3 млрд., оның ішінде жеке капиталы $300 млн. астам

Еуропа қайта құру және даму банкі құрамына 61 ел, Еуроодақ пен Еуропалық банк кіретін халықаралық қаржы ұйымы. ЕҚДБ 1992 жылы Шығыс Еуропа елдерін нарықтық экономикаға көшіру үшін құрылған болатын. Банк құрылғаннан бері өз географиясын кеңейтті: қазіргі уақытта әлемнің 29 елінде — Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейін жұмыс істейді.

Таза тахнологиялар қоры 2008 жылы құрылған , мульти-донорлық қор болып табылатын Ауа-райының өзгеруіне қарсы тұратын инвестициялық қорлар құрамына кіреді.  Оның мақсаты дамушы елдердегі ауа-райының өзгеруіне байланысты жобаларды қаржыландырып, осы бағытта түбегейлі оң өзгерістерге қол жеткізуге ат салысу болып табылады.