«Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласында Инвестор күнін өткізеді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласында Инвестор күнін өткізеді

289

20 Сәуір 2017

2017 жылдың 28 сәуірінде «Самұрық-Қазына» қоры Алматы қаласында Инвестор күнін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шара барысында Қор топ-менеджменті 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндап, қоржындық компаниялардың басшылары өз активтерін таныстырып өтеді.

Соның ішінде келесі «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиевтің және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ басшыларының баяндамалары күтілуде.

Мұнымен қатар төмендегі компаниялардың жетекшілері презентация жасамақ:

1. "Евро-Азия Эйр" АҚ
2. "Қазтеңізтрансфлот" АҚ
3. "Каскор-Транссервис" АҚ
4. "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС
5. "ҚазМұнайГаз-Сервис Compass " ЖШС
6. Aysir Turizm ve Insaat A.S.
7. "КМГ-Сервис Грузия" ЖШҚ
8. "Ләззат" ЖШҚ
9. "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС
10. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ 
11. "АМСТ" ЖШС
12. "Continental Logistics" ЖШС 
13. "Каустик" АҚ
14. "Astana Solar" ЖШС
15. "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС
16. "Kaz Silicon" МК» ЖШС
17. "Тегіс Мұнай" ЖШС
18. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ
19. "Алматыэнергосбыт" ЖШС

Әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді Rixos Almaty қонақүйінде өтетін (басталуы 09:30-да) іс-шараға қатысуға шақырамыз. БАҚ үшін баспасөз мәслихаты сағат 12.30-да басталады. Мәліметтерді келесі байланыстар бойынша 2017 ж. 25 сәуіріне дейін жіберу керек.

Инвесторлар мен серіктестерді тіркеу:
G.Ospanova@sk.kz, +7 717 2 554072
A.Ismagambetova@sk.kz, +7 717 2  55 4071

БАҚ тіркеу:
press@sk.kz, +77172 552625