«Эмбаоқуорталығы» ЖШС сатылған жоқ

«Эмбаоқуорталығы» ЖШС сатылған жоқ

256

21 Сәуір 2017

«Эмбаоқуорталығы» ЖШС сату бойынша бағаның көтерілуімен ұйымдастырылған электрондық аукцион жүзеге аспады. Себебі аукционға 2 адамнан кем қатысушы тіркелген.

«Эмбаоқуорталығы» ЖШС «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ тиесілі. Нысанды сатудың бастапқы бағасы — 124 181 000 теңге.

«Эмбаоқуорталығы» ЖШС өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, кәсіби шеберліктерін көтерумен айналысады. «Эмбаоқуорталығы» ЖШС негізгі тұтынушылары – мұнай-газ ұйымдары. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы 26 083 мың теңгені, ал таратылмаған табыс көлемі  28 558 мың теңгені құрады. Атырау қаласында орналасқан.  
 
Толық ақпарат www.gosreestr.kz сайтында.