Сандық технологияның адами ресурстарды басқару əсерін HR мамандары талқылады

Сандық технологияның адами ресурстарды басқару əсерін HR мамандары талқылады

626

21 Сәуір 2017

2017 жылғы 20-21 сəуірде Астанада HR-мамандары əлемінде айтулы оқиға орын алды.  XII Халықаралық адами ресурстарды басқару конференциясының тақырыбы: «HR Фокус: мəдениет, сандық əлем жəне тәуекелдер».

Бұл оқиғаға Қазақстан Республикасындағы адами ресурстарды басқару саласындағы басшылар мен алдыңғы қатарлы мамандары, жалпы 300-ге жуық адам қатысты.

Конференцияға қатысушылар қызметкерлерді оқытуда, корпоративтік мəдениет саласында қолданылатын әлемннің үздік тәжірибесіне баса көңіл бөліп, сандық трансформациялар мен өзгерістерге қызметкерлердің қаншалықты дайын екенін талқыға салды.


«HR бөліміне жүкітелген міндеттердің барлығы маңызды. Менің жеке тəжірибем көрсеткендей, олардың əрқайсысы қаншалықты нəтижелі шешілсе, мекеменің нəтижелілігі де осыған байланысты болады. Халықаралық HR-конференция ұжымда орын алған қиындықтарды шешуге ғана емес, сонымен қатар белсенді болуға, яғни ықтималды қиындықтарды алдын-ала болжап, соларға бүгіннен дайын болуға мүмкіндік туғызады», - деді «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова.


«2017 жылға қойған мақсат-міндеттеріміз – кәсіпқойлық, көшбасшылық, тартымдылық. Біріншіден, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтереміз. Бұл үшін бізде HR-бизнес-серіктестер бар, олар бизнестің мүдделерін түсініп, адамдарды дамыту жұмысын сапалы ұйымдастырады.  Екіншіден, көшбасшыларды тәрбиелеу керек. Шын мәнінде жетекшілердің өздері басты HR-менеджерлер болып табылады. Егер де олар жас буынның артында қалып қойса, дамуға кедергі етеді. Көшбасшы сандық технологияларды игере алмаса, байланыстарды орнатуға қауқары жетпейді. Үшінші және аса маңызды міндет – қызметкерлерді тарту. Адамдардың тек жалақы немесе қолайлы еңбек жағдайы үшін ғана емес, белгілі бір мақсат үшін жұмыс істейтінін түсінген абзал. Біз олардың жұмысына мән-мағына беруіміз керек. Оған баса назар аударған жөн. Егер қызметкерлер өз жұмысын мәнді әрі маңызды деп санамаса, ынталары төмендейді және адамдар кетіп қалады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев  конференция барысында.


Конференция ұйымдастырушылары жыл сайын арнайы қонақтарды шақырады. Бұл жолы аудитория алдында профессор Дэниел Гоулман эмоциялық зерде туралы сөз қозғады. Пулицерлік сыйақының екі дүркін номинанты, эмоциялық зерде жөніндегі танымал сарапшы, психологияға қатысты кітаптардың авторы. Дэниелдің қолтаңбасымен «Фокус» кітабын конференцияға қатысқан əрбір адам иеленді.

«Замануи өмірдің шындығы сол, сандық технологиялар дамыған сайын адам үнемі ақпарат ағымында болады. Ол үшін мол мүмкіндіктер ашылады. Конференциядағы менің мақсатым – осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, басты назарды қалай жоғалтпауға болатыны туралы ой жеткізу. Өйткені жетістікке жету үшін - мақсатымызға қаншалықты бағытталғанымыз маңызды.  Дәрісім қазақстандық басшыларға заман талабына сай жүруге көмегін тигізеді деген үміттемін», - деп Дэниел Гоулман конференциядан кейін ойымен бөлісті.   

Конференция аясында тақырыптық бизнес-зертханада ой алмасу өрбіді. Спикерлер мен модераторлар қатарында өз істерінің шеберлері, HR саласындағы сарапшылар, «BI group», «Air Astana», «Qazaq Air», «Сбербанк», «Норильский Никель» мен басқа да компаниялардың өкілдері болды.


Кез келген компания үнемі сыртқы жəне ішкі қауіп-қатерлерге тап болады. Өзгере білу қабілеті – компанияның өміршең болуының кепілі. «Өзгерістер мен жобаларды басқару» зертханасында қатысушылар қалай өзгерістерге дайын болу керектігін ғана емес, сонымен қатар бұл үрдістен пайда алу мүмкіндіктері жайында білді.

Конференцияда толық қарастырылған тақырыптардың бірі – корпоративті оқытудың трансформациясы болды. «Оқыту мен даму, корпоративтік мəдениет» зертханасында қызметкерлерді басқару саласындағы ең жақсы секциясында ұжымда бір-біріне түсінушілікпен қарауды, ортақ шешімге келу мəдениетін, корпоративтік мəдениетті қалай қалыптастыруға болатыны сөз болды.  

«Өтемақылар мен жеңілдіктер, тиімділікті бағалау» бизнес-зертханасында нəтижелілік компанияның өсуі мен дамуын, оның айтулы өзгерістерге бейімділігін қалай көрсететінін айтты. Əлемдік тəжірибе нəтижелілік көрсеткіштерін жетік бағаламау – компанияны құлдырауға əкеп соғатынын көрсетті.

Ерте ме, кеш пе технологиялық үрдіс адамзат өмірінің барлық саласына əсер етеді. Алдыңғы қатарға дереу əрекет ете алатын, жұмыстың жаңа тәсілдеріне тез бейімделгендер шығады. Бұны бүкіл əлем бойынша көптеген медициналық, білім беру, жеңіл жəне ауыр өнеркəсіп саласындағы компаниялар көрсетіп келеді. Көшбасшылық негіздерін «Digital HR, автоматизация» зертханасының қатысушылары талқылады.

Ұйымдастырушы: «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті