«Самұрық-Қазына» қоры Алматыда инвесторларға арналған іс-шараны өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры Алматыда инвесторларға арналған іс-шараны өткізді

375

28 Сәуір 2017

«Самұрық-Казына» АҚ (әрі қарай - Қор) Алматыда әлеуетті серіктестер мен инвестолар үшін Инвестор күнін өткізіп, жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асу барысы және бірқатар активтері туралы ақпарат берді.


- «Самұрық-Казына» қоры Қазақстан Үкіметі бастаған жекешелендіру бағдарламасы аясында маңызды рөл атқарады. Бұл үлкен жауапкершілік, және осы ауқымды міндетті орындау жолында қазақстандық инвесторлар белсенділік танытады деген үміттеміз, - деп санайды Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Үздік әлем тәжірибесіне сәйкес біз жекешелендіруге жататын активтердің үштен екі бөлігін жергілікті инвесторлар мен бірлескен кәсіпорындарға, ал қалғанын шетелдік инвесторларға тапсыруды көздейміз. Қор және қоржындық компаниялардың басшылығы Алматыда инвестициялық қауымдастық назарына жекешелендіру тізіміндегі әлеуетті инвесторларды тартуға дайын және өз салаларында бірегей ірі және орта компанияларды ұсынады. 


Қордың активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев атап өткендей:

- Жекешелендіруге қатысты жұмысымыз бірыңғай принциптерге негізделген. Біз экономиканың ресурстық секторларындағы компанияларымызда акциялардың бақылау пакетін сақтауды жоспарлап отырмыз. Мұндай компаниялар акцияларының 25 пайызы ғана сатуға шығарылады. Ал экономиканың ресурстық емес секторларындағы компаниялар бойынша Қор бақылау үлесін сату мүмкіндігін қарастыра алады. Біз миноритарлық иеленушілерді Директорлар кеңесінің құрамына енгізбекпіз. Бұған қоса нарыққа шығарылған акциялардың пакеті тиісті төлемпаздыққа ие болуы тиіс. Біз активтерді операциялық және қаржы үрдістерін жақсарту көмегімен саудаға дайындаймыз. Әсіресе корпоративтік басқару талаптарын сақтау маңызды. Оларды тек сақтап қана қоймай, басшылық пен мажоритарлық акционерлердің санасына да енгізу қажет. Директорлар кеңесі тәуелсіз, шешімдерді қабылдау және менеджменттің Директорлар кеңесі алдындағы есеп беру үрдісі жариялы болуы тиіс. Біз менеджменттің кәсіби шеберлігіне мұқият көңіл бөлеміз. Компаниялардағы жетекші лауазымдарға үміткерлер тиісті салаларда тәжірибесі бар, нарыққа бейімделген, кәсібилігі аса жоғары мамандар қатарынан іріктеледі.

Алматыда өткен Инвестор күні барысында Қордың қоржындық компанияларының («Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ) басшылары, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде сатылатын компаниялардың жетекшілері баяндама жасады.

Олардың қатарында жылдық жүк айналымы 15 млн тоннаға жететін, құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық дәрежеде тасымалдайтын Қазақстанның жалғыз теңіз порты - Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Қазтеңізтрансфлот болса, Ресей, Әзірбайжан, Түрменистан елдерінің каспий жанындағы порттарына және ашық теңізге мұнай мен мұнай өнімдерін, конейнерлерді тасымалдайтын Қазақстандағы теңіз тасымалының ірі операторы. Астана Солар – жылдық қуаты 60 МВт жететін фотоэлектр модульдерді шығарушы компаниялар тобы.  Еуро-Азия Эйр – ҚР мұнай-газ саласына қызмет көрсететін, өзінің әуе паркі бар, теңіздегі бұрғылау қондырғылары мен аралдарға ұшуларды, апаттардан құтқару жұмыстарын және чартерлік VIP-ұшуларды қамтамасыз ететін Қазақстанның ірі тікұшақ әуе компаниясы.

- Бұл активтердің барлығы инвесторларға ашық екі кезеңдік конкурс арқылы ұсынылады, - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру және активтерді қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.Біздің компанияларымыз келіссіздерді өткізуге дайын.