«Самұрық-Қазына» қоржындық компаниялары Назарбаев Университетімен ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жол карталарына қол қойды

«Самұрық-Қазына» қоржындық компаниялары Назарбаев Университетімен ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жол карталарына қол қойды

296

10 Мамыр 2017

5 мамыр 2017 ж., Астана қ..«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор) қоржындық компаниялары «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Бірлескен химиялық компания» ЖШС – «Назарбаев Университет» ДББҰ (әрі қарай – Университет) химиялық, көмір және геологиялық ғылыми-зерттеу зертханаларын құру бойынша жол карталарына қол қойды.

Бекітілген жол карталары шеңберінде Университет негізінде тәжірибелік ғылыми-өндірістік орталықтарды құру және жабдықтау бойынша жұмыс кешенін өткізу жоспарлануда. Бұл бастаманы Қор мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы  туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған.

 «Бүгінде қоржындық компанияларымыз мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ұстанымдарына сай әзірленген бастамаларды жүзеге асыруда. Кез-келген модернизацияның мәні өндіріске технологияларды енгізуде. Назарбаев Университетімен қарым-қатынасты нығайту арқасында біздің өсіп келе жатқан және жетілген компанияларымыз кәсіпорындары алдында тұрған нақтылы міндеттерді шешу үшін іргелі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік алады. Назарбаев Университеті болса, өз кезегінде зертхана алаңына қол жеткізеді, сонымен қатар тәжірибелік зерттеулерді өткізіп, компанияларымыздың қарамағындағы кен орындардан материалдарды сынай алады. Осы бірлескен жұмыстың нәтижесі жоғары болатынына үміт артамыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. 

 «Қазіргі таңда біз өзара серіктестіктің үш негізгі бағытын айқындап алдық. Назарбаев Университет пен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жобаларға кіріскеніне қуаныштымын. Бұл ретте біздің факультет әр алуан салалардағы ғаламдық тәжірибесі мен білімдерімен бөлісуге дайын. Қордың қолдауымен өнеркәсіп, бизнес пен зерттеу факультетіміз арасында тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында біз нақтылы тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асырамыз» - деді «Назарбаев Университет» ДББҰ Президенті Шигео Катсу өз кезегінде.  

Жол карталары аясында биылғы жылдың күзінде агрохимия өнімдерін халықаралық талаптарға сәйкес сертификациялау бойынша жұмыс істейтін алғашқы зертханалар ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар 2017 жылдың соңына дейін Университет негізінде мұнай өңдіру саласында зерттеу жүргізу үшін арнайы зертхананы құру көзделген. Ал тау-кен ғылыми –өндірістік орталықтардың негізінде байытудан бастап металлургияға дейінгі технологиялық тізбек бойынша өнеркәсіптік сынақтар жүзеге асырылмақ.

Алдағы уақытта Қор Университетпен серіктестікті кеңейтуді көздейді. Жыл аяғына дейін Қордың салалық қоржындық компаниялары мен Университет арасында мұнай-газ және энергетика салаларына қатысты ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жаңа жол карталарын бекіту жоспарлануда.