«Самұрық-Қазына» Қоры «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасының басталғанын жариялады

«Самұрық-Қазына» Қоры «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасының басталғанын жариялады

419

05 Мамыр 2017

11 мамыр, 2017 жыл. Астана қаласында баспасөз құралдары үшін «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқарудағы жаңа әдістеріне арналған ақпараттық сессия өтті. Ақпараттық сессияның спикерлері: «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникация жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Ұлан Тәжібаев, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова.

2017 жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ жоғарғы оқу орындарының түлектерінің арасында «Жас Өркен» екі жылдық тағылымдама бағдарламасына байқау жариялады. Бұл – Қордың дарынды жастарды іріктеу, оқыту және дамытуға бағытталған бастамасы.

Іріктеудің негізгі қағидалары – барлық байқауға қатысушыларға тең мүмкіндік беру, ашықтық және жариялылық. Өтініштер бағдарламаның ресми сайтында - www.skcu.kz/zhasorken -  1 шілдеге дейін қабылданады.

Төрт сатылық іріктеу нәтижесінде 20 адам таңдалып, олар  «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде және Deloitte компаниясының Мәскеудегі оқу орталығында дәріс алып, кейін Қазақстанның ұлттық компанияларына тағылымдамаға жіберіледі. Жастарды тағылымдамаға қабылдайтын компаниялар: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰКК АҚ,  «Қазақтелеком» АҚ, «Самрұқ-Қазына» Жылжымайтын мүлік Қоры, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ, «Біріккен Химиялық Компания» ЖШС, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, және «Qazaq Air» АҚ.

Оқу бағдарламасының мерзімі – 5 апта, тағылымдама мерзімі – 20 ай, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының түрлі төрт кәсіпорынының әрқайсысында 5 айдан. Осы мерзімде жас мамандарға стипендия, тағылымдама орнына жету үшін жол ақысы мен жатын орны төленеді. Қазір «Жас Өркен» бағдарламасының жоба мүшелері Қазақстанның жетекші университетерін аралап, студенттерді хабардар етіп жүр.

«Жас Өркен» бағдарламасының ерекшелігі сол, біз басынан бастап қажетті білім мен тәжірибе жинайтын болашақ басшыларды іріктеп алуымыз керек. Олардың ең үздіктері ұлттық компанияларға жұмысқа тұрады, жеке даму жоспары бойынша карьерасын жасап, ұлттық компаниялардың беткеұстарларына айналады,- деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникация жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Ұлан Тәжібаев.

Ақпараттық сессия спикерлері сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерді басқаруда енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы айтып берді. Қорда әділ де ашық жұмысқа қабылдау тәртібі мен меритократия қағидалары енгізілген, жұмыскердің жеке үлесіне байланысты ақы төлеу жүйесі енгізілген.